
Мектеп • 24 Сәуір, 2025
Мектептерде бірыңғай ас мәзірі болады
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі. Енді еліміздегі барлық орта білім ұйымында ғылыми негізделген бірыңғай ас мәзірі болады. Бұл оқушылардың денсаулығын сақтау және сапалы білім алуға жағдай жасау үшін қолға алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 24 Сәуір, 2025
Кейінгі жылдары асқан жылдамдықпен жасанды интеллект ғасырына өткен секілдіміз. Осы өзгерістер кезеңінде кез келген салада қолданылатын әрбір құрылғының «жүрегі» іспетті микрочипті жасау көп елдің сауда-экономикалық бәсекедегі әлеуетіне ықпал етіп қоймай, саяси, қорғаныс бағытында қауіпсіздіктің кепілі болып отыр. Неге? Себебі микрочип – жасанды интеллектінің «миы». Ал жаңа дәуірде ақыл-ойдың күші өзіңде болғаны – түптеп келгенде тәуелсіздіктің кепілі.
Білім • 19 Сәуір, 2025
Жаңартылған суперкомпьютер іске қосылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда қазір қандай ел жаңа технологияны өз пайдасына жарататыны, қандай ел көш соңында қалатыны анықталып жатқан шешуші кезеңге қадам бастық деп айтқан еді.
Білім • 19 Сәуір, 2025
Отандық озат оқушылар әлемге әйгілі «NASA» (National Aeronautics and Space Administration – ғарыш агенттігі) ұйымы мен АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы (National Space Society) ұйымдастырған білім бәйгесінде топ жарды. Дарындылар додасына дүниежүзінің 25 елінен мектеп жасындағы 26 мыңнан аса жеткіншек қатысқан. Ал еліміздің намысын қорғаған өрендер екі бірдей жоғары жүлдені қанжығаға байлады.
Ғылым • 18 Сәуір, 2025
«Болашақ» бағдарламасы: Тағылымдама түйткілдері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Болашақ» бағдарламасымен іс-тәжірибеден өткізу ісін сынға алып, ғылымға мүлдем қатысы жоқ адамдардың шетел асқанын айтып, бұл бағытқа біраз жүйелеудің қажет екенін меңзеген еді. Осыған орай біз тағылымдама түйткілдерін тарқатып, білім жетілдіремін деп шекара асқандардың ой-пікірлері арқылы мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастырып көрген едік.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
1-сыныпқа «egov.kz» арқылы қабылдайды. Елімізде бірінші сыныпқа өтініш қабылдау науқаны басталды. Бұл осы жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Оқу-ағарту министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, мектептің алғашқы сыныбына ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады.
Балалар • 17 Сәуір, 2025
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті үндеу жолдады
Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда балалардың терезеден құлау көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Әсіресе, 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер үшін бұл аса қауіпті. Мұндай қайғылы жағдайлар көбіне ересектердің бейқамдығынан және терезеге арнайы қорғаныс құралдарының орнатылмауынан болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Сәуір, 2025
Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 16 мамырда басталады. 5 шілдеге дейін жалғасатын басты тестілеуді талапкерлер екі рет тапсыра алады. Бұл кезеңнің маңыздылығы үміткерлердің осы сынақтан өткен нәтижесімен мемлекеттік грант конкурсына қатысатынында болып тұр.
Ғылым • 12 Сәуір, 2025
Бүгін – үш бірдей айтулы датаны қоржынына сыйғызған атаулы күн. Иә, 12 сәуір – елімізде ең алдымен отандық ғылымның атасына айналған академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні, осыған орайласқан Ғылым қызметкерлерінің күні, Ғарышкерлер күні.
Сұхбат • 11 Сәуір, 2025
Университетті басқару стратегиясын өзгерту маңызды - Асылбек Нұрғабдешов
Шетелде жоғары оқу орнын академиялық, ғылыми дәрежемен бітірген отандастарымыз көп. Солардың бірі – экономикадан докторлық диссертациясын Британиядағы Шеффилд университетінде қорғаған, Түркияның жоғары оқу орындарында бакалавр, магистр дәрежесін алған, отандық бірқатар оқу ордасында дәріс оқып, басшылық қызмет атқарған, қазір Ұлыбританиядағы «Herriot Watt University»-де Бизнес мектебі магистрлік бағдарламалар бөліміне жетекшілік ететін ғалым Асылбек Нұрғабдешовпен Ғылым күні қарсаңында әңгімелескен едік.