Ғылым • Бүгін, 11:48

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отандық жоғары білім жетістіктері мен саланы жақсартуға арналған бастамалар Ұлыбританиядағы «Bett UK-2026» халықаралық көрмесінде таныстырылды. Қазақстанның ұлттық павильонын таныстыруға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, еліміздің 9 жетекші жоғары оқу орынының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

«Bett UK-2026» халықаралық көрмесі – білім беру технологиялары саласындағы ең ірі халықаралық платформалардың бірі. Көрме жыл сайын мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің, технологиялық компаниялардың және сарапшы қауымдастықтардың өкілдерін жинап, білімнің болашағы, оқу процесінің цифрлық трансформациясы, жасанды интеллектіні енгізу және инновациялық шешімдерді қолдану мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.

Үкімет ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2025 жылғы қорытындысын шығарды

Ал кеше ресми ашылуы өткен Қазақстанның ұлттық павильонында білім беру процестерін цифрландыру, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу, ғылыми зерттеулерді дамыту және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту сияқты бағыттар таныстырылды.

Министрліктің мәлімдемесіне қарағанда, павильон жұмысына 9 қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы қатысып, өздерінің академиялық бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу жобаларын және шетелдік серіктестермен бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсынды. Экспозиция отандық университеттердің дамуының жоғары деңгейін, олардың ғылыми-білім беру әлеуетін және халықаралық қауымдастықпен белсенді өзара әрекеттесуге дайын екенін көрсетті.

Ғылым заманға бейімделуі керек

Көрме аясында пленарлық сессиялар, тақырыптық пікірталастар, жетекші EdTech әзірлемелерінің таныстырылымдары, сондай-ақ мемлекеттік органдар, университеттер мен жаһандық технологиялық компаниялардың өкілдері арасындағы іскерлік кездесулер өтіп жатыр. Қазақстан делегациясының «Bett UK-2026» көрмесіне қатысуы еліміздің цифрлық білімді дамыту, жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу және инновациялық білім беру шешімдерін ілгерілету бойынша стратегиялық бағытын айқындайды. Бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, Қазақстан университеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанды білім беру мен цифрлық технологиялар саласында өңірлік көшбасшы ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді.

Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

Соңғы жаңалықтар