Балалар • 24 Қазан, 2025

Балаға буллинг жасалғанын көргенде не істеу керек

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балаға қатысты зорлық-зомбылықты, қатігез қарым-қатынасты, буллингті немесе басқа да құқықтарының бұзылғанын байқағанда не істеу керек? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Балаға буллинг жасалғанын көргенде не істеу керек

Оның айтуынша, әрқайсымыз баланы қорғауда шешуші рөл атқара аламыз. Бастысы балаға қатысты кез келген келеңсіз жағдайда бейжай қалмаған жөн. Өйткені адамдардың қырағылығы мен белсенді ұстанымы қайғылы жағдайдың алдын алып, баланың денсаулығын, тіпті өмірін сақтап қалуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-1-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олардың тарапынан жасалған құқықбұзушылықтар туралы білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің хабарламауы жауапкершілікке әкеледі. 2025 жылдың алғашқы 9 айында осы бап бойынша 268 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2024 жылы 348 адам жауапқа тартылған еді. Бұл сандардың әрқайсысы – қорғаусыз қалған бір баланың тағдыры. Бұл балаларға сенудің, алаңдатарлық белгілерді елеусіз қалдырмаудың, көмекті кешіктірмеудің қаншалықты маңызды екенін еске салады. Кейде бір қоңырау баланың өмірін сақтап, оны қауіптен арашалап қалуы мүмкін. Хабарлау – жай ғана формальді әрекет емес, азаматтық жауапкершілік пен адамгершіліктің көрінісі. «111» байланыс орталығы тәулік бойы, анонимді әрі сенімді түрде жұмыс істейді. Ең бастысы – үнсіз қалмау және немқұрайлы болмау», деді комитет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше