Білім • Бүгін, 08:15

Дипломдардың деректер базасы құрылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Енді тәуелсіздік жылдарында берілген дипломдардың түпнұсқасын тексеруге болады. Бұл неге маңызды? Кейінгі кезде жалған құжат мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Күні кеше Ғылым және жоғары білім министрлігі бүгінде 46 жалған диплом жасаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталғанын, материалдар Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданғанын хабарлады.

Дипломдардың деректер базасы құрылды

Сурет: kaztag.kz

Қазір интернет кеңіс­тігінде жалған дип­ломдар туралы түрлі ақпарат кеңінен тара­лып жатыр. Заңсыз құжат айна­лымының алдын алу мақсатында Ғылым және жоғары білім ми­нистр­лігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды. Осы ретте министрлік білім туралы құ­жаттардың өзін­дік үлгісінің мазмұ­нына қойы­латын негізгі талаптарды, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектеріне арнал­ған осындай құжаттардың серия­ларын бекітті. Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмір­лер мен QR-кодтар беру жолы­мен жасалады. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі.

Дипломдарды генерация­лау «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» (ЖББП) ақпараттық жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер не­гі­зінде жүзеге асырылады. Егер білім алушы туралы ақ­парат ЖББП-да болмаса, диплом нөмі­рін қалыптастыру мүм­кін емес. Өзіндік үлгідегі білім тура­лы құжаттарда генерация­лан­ған бі­регей нөмір мен QR-код болмаған жағдайда мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады.

Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігі жалған дипломдарды дайындау және сату фактілерін тұрақты түрде бақылап, тоқтатып отырады. Қылмыстық кодекстің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасау немесе қолдану айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу яки айыруға әкеп соғады.

Осыған орай жоғары оқу орындары деректерді цифрландыру жұмысын жалғастырады, ал жұмыс берушілер дипломның түпнұсқалығын https://epvo.kz сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электронды нұсқасы электронды үкіметтің («Цифрлық құжаттар») мобильді қосымшасында да қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар