Білім • Бүгін, 09:10

Жоғары білім жүйесіндегі жетістік

50 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Еліміз еншісін алғалы жоғары білім жүйесінде қандай жетіс­тіктерге қол жеткізді? Осы бағытта кешегімізді саралап, бүгінімізді бағамдап, даму жолына шолу жасап көрдік.

Жоғары білім жүйесіндегі жетістік

Сурет: vlast.kz

Әріптестік нәтижесі

Үш онжылдық ішінде бұл салада бірнеше ірі реформа жүзеге асырылып, бүгінде отандық жо­ғары білім халықаралық аренада да танылып, өркен жая бастады. Бұған бірқатар маңызды қадам себеп болды әрі серпін берді. Сол 90-жылдардың басында-ақ мемлекеттік университеттермен қатар, жекеменшік жоғары оқу орындарының ашылуы білім­ге қолжетімділікті арттырды. 90-жыл­дардың соңына қарай еліміз­дің әр өңірінде жаңа оқу орын­дары ашылып, жастарға маман­дық таңдау мүмкіндігі молайды. Осы үрдіс 2000 жылдардан бері қарай да сәтті жалғасын та­уып, 2010 жылы әлемдік деңгейде ғылыми жұмыстарды жүргізе алатын дербес зерттеу университеті құрылды. Өткен қыркүйекте ғана Назарбаев университеті «Times Higher Education World University Rankings» рейтингі бойын­ша халықаралық зерттеу универ­ситеттерінің үздік 30% қатарына енді. Осы университеттің құрылуы бірқатар отандық университетке әділ бәсекеде дамуына түрткі әрі үлгі болғандай. Бү­гінде бірнеше отандық жоғары оқу орны зерттеу мәртебесіне ие болды. Сәйкесінше, біраз бизнеске айналған жоғары оқу орындары уақыт сынында екшел­ді, бірікті, жабылды. Бұл саннан сапаға бағытталған қадам болатын. Өйткені кейінгі жылдары елімізде университеттегі ғылымды дамытуға айрықша басымдық беріліп келеді.

Қазір Қазақстанның жоғары білім жүйесі жаңа даңғылға жол салғандай, себебі еліміз осы салада әлемдік стандарттарға сай болуға, аймақтық академиялық орталық ретінде өзін қалыптастыруға ұм­тылып жатыр. Осының нәти­же­сінде әлемнің білім берудегі көш­бас­шылары – Англия, АҚШ, Ресей Федерациясы, Қытай, Ко­рея, Франция, Германия және Түркияның алдыңғы қатар­лы университеттерімен 40 стра­тегиялық серіктестік орнатылды. Мұндай ауқымды халықаралық әріптес­тік еліміздің жоғары білім жүйе­сін жаңа сапалық деңгей­ге көтеріп, академиялық әлеует­ті арттырып, ғылыми ын­тымақ­тас­тықтың көкжиегін кеңейт­ті. Бүгінде Қазақстан аума­ғында 33 шетелдік жоғары оқу орны­ның филиалы жемісті жұ­мыс істеп, әлемдік тәжірибе мен инно­ва­ция­ларды отандық білім кеңіс­ті­гіне енгізіп, ел жастарына шека­ра аспай-ақ жаһандық деңгей­де дип­лом алуға жол ашып отыр.

ну

 

Технологиядан – цифрлық дәуірге

Бұл тақырыпқа келгенде «AI-Sana» бағдарламасын айтпай кетуге болмас. Бұл – бүгінгі жастардың цифрлық дәуірге қадам басуына жол ашқан, уақыт талабынан туған бастама. Қазірдің өзінде 549 мыңнан астам студент осы бағдарлама аясында жасанды интеллект негіздерін игеріп, оның мүмкіндіктерін пайдаланып келеді. Аталған бағыт бо­йынша Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің ресми телеграм каналында: «7 мыңнан аса оқытушы да бұл үдеріске белсенді қосылып, жаңа буынды білім берудің мүлде жаңа деңгейіне жетелеп жүр. Ал жасанды интеллектіге сүйеніп әзірленген 137 агент – еліміздің технологиялық әлеуетін айшықтайтын іс. Бүгінде біз цифрлық білім беруде бағыт көр­сетуші елге айналып келеміз. Осы жүйелі жұмыстың нәтиже­сінде Қазақстан «Coursera» халық­аралық сыйлығының фи­налисі болды. Бұл – тек марапат емес, ұлттың білімге деген жаңа көз­қара­сының, жаңашыл рухының мойындалуы. Еліміздің жоғары оқу орындары заман талабына сай жаңарып, білім мазмұнын түбе­гейлі жаңғырту жолына түсті. Қазіргі таңда 95 университет оқу бағдарламаларын жаңа технологиялармен ұштастырып, білім мен инновацияны біріктірген жаңа бағыттарға бет бұрды. Сонымен қатар 30 жоғары оқу орнында жасанды интеллект саласы бойынша 38 жаңа бағдарлама ашылып, болашақ мамандарды заманауи ғылым мен технологияның тілін терең меңгеруге жетелеп отыр. Бұл – елдің ертеңіне сенімді салынған іргетас», деп жазды.

Министр мәлімдегендей, жасан­ды интеллект саласында жо­ға­ры оқу орындары аралық ЖИ стан­дарты қабылданды, 20 ЖОО 20 білім бағдарламасын әзірледі. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің база­сында Сеул техникалық университетімен бірлесіп ЖИ және информатика жоғары мектебі ашылды. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында «City University of Hong Kong» (ЖИ бо­йынша қос дипломдық бағдарлама), Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Лу Бан шеберханасымен бірлесіп жасанды интеллект орталығы филиалдары ашылды.

 

Оқытудан – ғылымға

Санамызда жатталып қалғаны – докторантура түгілі магистратурада да, бакалавриатта болса да негізінен оқытуға көп көңіл бөлінеді деген ой және сын. Бұл – шын мәнінде баса назар аударуды қажет ететін мәселе. Өйткені әлемде, соның ішінде дамыған елдерде ғылым негізінен жоғары оқу орындарында өрістейді. Осы­ған орай, жоғарыда жазғанымыз­дай, университеттегі ғылымды да­мытуға айрықша көңіл бөлініп жатыр, тіпті басты талаптардың біріне айналғандай. Мұны отандық оқу орындарындағы ғалымдар арасындағы адал бәсекенің қалып­тасқанынан көре аламыз.

Мәселен, Қ.И.Сәтбаев атын­дағы ҚазҰТЗУ қарасты металлургия институтының технологиясы бойынша алғаш рет вакуумдық дистилляция әдісімен СТ-1 маркалы техникалық селен алынды. Назарбаев университетінің ғалымдары литий-ионды аккумуляторлар үшін отандық шикі­заттан катодты материалдар прекурсорларын өндіру технологиясын әзірлеп шығарды. Өндірістің әлеуетті көлемі 40 млрд долларға бағаланып отыр.

Ғылыми жұмыста толайым та­бысқа қол жеткізу үшін қаржы­ландыру көлемінің көп, қаражат көздерінің мол болғаны маңызды. Бұл бағыт­та да айтарлықтай шаруа атқарыл­ғандай. Мысалы, 2025 жылы ғылыми жобаларды коммерцияландыру бойынша жаңа 62 шарт жасалып, жалпы 267 жоба жүзеге асырылу сатысында. Ғылыми жобаларға жеке инвестициялар көлемі бүгінде 20,4 млрд теңгеге жетті, алдағы уақытта тағы 8,8 млрд теңге тарту жоспарланып отыр. Кен пайдаланушылардың осы мақсатта аударған қаражат­тарын бюджет арқылы орталық­тандыру есебінен Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструк­торлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру тетігі енгізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Абай және жас ұрпақ

Абай • Бүгін, 19:55

Жаңа жылдың тарихы қандай?

Қоғам • Бүгін, 18:30