Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
171 материал табылды

Заң мен Тәртіп • 19 Маусым, 2025

Жер – халықтың қазынасы

Қолында билігі барда қоныш­тан басып, ұлан-ғайыр алқап­ты меншіктеп алғандар қара жерді пайдаланбай, халық­тың қазынасын заңсыз иелігінде ұстап келгені белгілі. Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономика­лық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайта­рудың маңызы зор екенін әкім­дерге шегелеп тапсырғаны мәлім.

Аймақтар • 12 Маусым, 2025

Әдебиетті насихаттаған сайыс

Өткен жылдың соңында өңір басшысы Ербол Қарашөкеев «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасын бастап берді. Әкім қолға алған жоба­ны облыс­тық білім басқармасы мен «Жамбыл облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігін әрмен қарай сәтімен жалғас­тырып, «Ой шебері» зияткерлік ойынын бастап кетті.

Аймақтар • 10 Маусым, 2025

Каникул қызықты өте ме?

Бүгінде оқушыларды жазғы сауықтыру лагерьлерінде тынықтыру жұмысы еліміздің барлық қиырында қолға алынып жатқаны белгілі. Бұл жұмыс Жамбыл өңірінде қай деңгейде іске асырылмақ? Әулиеаталық білім алушылар жазғы демалысын қандай лагерьде және қалай өткізеді? Облыстық білім басқармасы тарапынан қандай жұмыс қолға алынбақ? Осы сауалға жауап іздеп көрдік.

Өндіріс • 10 Маусым, 2025

Үлгілідегі шыны шығаратын зауыт

Кейінгі уақытта Жамбыл облысында бірнеше өндіріс ошағы бой көтеріп жатыр. Олардың бірқатары жұмысты бастап та үл­герді. Нақтырақ айт­сақ, өңірде тұңғыш рет шың­­далған шыны шыға­ра­­тын зауыт іске қосыл­ды. Байзақ ауданына қарас­­ты Үлгілі ауылында ашыл­­ған жаңа кәсіпорын қызмет­керлері жұмысты бастап кетті.

Заң мен Тәртіп • 04 Маусым, 2025

Заңсыздықпен күрес жалғасады

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жыл өткен сайын қарқын алғанына қарамастан, ебін тапқандар заңсыз тауар айналымын жалғастыруын тыяр емес. Акцизделетін тауар өнімінің заңсыз айналымы әлі де болса жиі кездеседі. Құзырлы орган қызметкерлері көлеңкелі кәсіппен айналысқандарды қолдан келгенше жазаға тартып жатыр.

Өндіріс • 03 Маусым, 2025

Жылына 1 500 локомотив жөндейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге шетелдік инвес­торларды тартудың маңызы зор екенін атқарушы билік өкілдеріне әлденеше рет шегелеп тапсырғаны мәлім. Содан да болса керек, ­ке­йін­­гі жылдары өңірде шетелдік алпауыт ­компаниялармен келіссөз жүргізіліп, жұмыс жүйелене түсті.

Ән • 31 Мамыр, 2025

Сезім нотасы

Сынаптай сырғыған уақыт өткен шаққа қарайлауға мүмкіндік бермейтіндей көрінеді. Әйтсе де әр онжылдықтың өз үні, өз бояуы, өз сазы бар. Көңіл пернесін дөп басқан сиқырлы саз жұрт жүрегінен де, жадынан да өшпек емес. Содан да болса керек, ертеректе әнсүйер қауымның жүрегін жаулаған әндер санамызда сайрап тұрады.

Театр • 27 Мамыр, 2025

Көркем шығарманы сахналады

«Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасының ұйытқы болуымен «Жүрекпен жазылған шығарма» атты алғашқы инклюзивті театр байқауы ұйымдастырылды.

Айбын • 23 Мамыр, 2025

Заманауи технологияны меңгереді

Әуе қорғанысы күштерінің мамандарын даярлау және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында ұшқышсыз ұшатын авиациялық (ҰҰА) жүйелердің операторларын оқытудың кезекті курсы басталды.

Келешек мектептері • 23 Мамыр, 2025

«Келешек мектептердің» қатары көбейеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлердегі үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы білім ордаларының мәселесін түбегейлі шешуді көздейді. Президент аталған санаттағы білім нысандарының мәселесі 2025 жылы толықтай шешімін табуы тиіс екенін бірнеше жыл бұрын шегелеп тапсырғаны баршаға белгілі.