
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2025
Жыл жылыстаған сайын су көздерін тиімді пайдаланудың маңызы арта түседі. Әсіресе оңтүстік өңірлер жаздың аптап ыстығында ағын судың тапшылығын айқын сезінеді. Трансшекаралық өзендерге телмірген аймақтар үшін қол қусырып қарап отыратын уақыт өтіп кетті. Жаңа технологияға, дұрысы тамшылатып суару әдісіне көшетін кез әбден жетті.
Спорт • 22 Қаңтар, 2025
Қасиет дарып, құт қонған Әулиеата топырағынан талай мықты спортшы түлеп ұшқан. Бір ғана Тұрар Рысқұлов ауданында дүние дидарын көрген саңлақтар жеті бірдей Олимпиада жүлдесін қоржынға түсірген. Олимпиаданың екі алтыны, екі күмісі, үш қола жүлдесін иеленген мұндай аудан еліміздің ешбір өңірінде жоқ. Құлан өңірінде туған боксшы Ермахан Ыбырайымов, еркін күрес шеберлері Ислам Байрамуков пен Ақжүрек Таңатаров, дзюдошы Елдос Сметов ел тарихына, спорт шежіресіне есімдерін алтын әріптермен жазды.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2025
Жамбыл облысында минералды су шығаратын зауыт іске қосылды
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Рахым Сәбденов ауылында минералды ауызсу шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 11 мектеп сынақтан өте алмаған
Білім саласына мемлекет тарапынан да, жергілікті атқарушы биліктен де айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Нәтижесінде, өткен жылы өңірде бірнеше «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Ұлттық жоба аясында ашылған жаңа білім ұяларына жасалған жағдайға көңіл толады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Жамбыл облысында тамшылатып суару жүйесін шығаратын жаңа өндіріс ошағы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2025
Шаруаларға қолдау көрсететін орталық
Агросекторда бас ауыртатын мәселе аз емес. Шаруа қожалықтың еңсесін тіктеймін деп жүріп, қарызға белшесінен батқан азаматтар жетіп артылады. Олардың қаржылық сауатын арттырып, ізденіс ізіне түсуіне ықпал ететін орталық ашу қажеттілігі де туындаған.
Талбесік • 11 Қаңтар, 2025
Әр мезгілдің өз кереметі бар. Шіліңгір шілде туғанда Тұрар Рысқұлов ауданына барғандар Шал тауының тылсымымен танысуға тырысады. Тауға қарай бет алған сайын тынысың ашыла түседі. Масатыдай құлпырған айналаның сұлулығы жаныңды рахат сезімге бөлейді. Сарқырап аққан тау өзенінің гүрілі өзіне тартады да тұрады.
Өнер • 11 Қаңтар, 2025
Әйел теңдігі тақырыбы қай кезде де өз маңызын жойған емес. Алаш ардақтыларының шығармаларында да теңсіздік тауқыметін тартқан қазақ әйелдерінің типтік образы мейлінше көбірек жасалды. Ал Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындағы бас кейіпкердің бейнесі мен оның тағдыр тәлейін тартқан қасіретке толы күндері кім-кімді болсын толғандырмай қоймаса керек.
Қаржы • 09 Қаңтар, 2025
Қыруар қаржыны игерудегі икемсіздік жыл сайын байқалып қалады. Әкімдер жыл басында өңірлерге қомақты қаражат тартқанымен, қол астындағы қызметкерлерінің кәсібилігі жетіспейтіндей көріне береді. Миллиондар емес, миллиардтарды игере алмаған шенеуніктер ала жаздай ән салып жүре ме, әлде өз жұмысына тамсанып жүре ме, ол жағы белгісіз. Әйтеуір, жыл жабылар тұста бөлінген қаржыны игере алмай жандары алқымға тіреліп жатады. Жылдар бойы қалыптасқан «дәстүрдің» былтыр да бұзылмағаны қынжылтады.
Қылмыс • 09 Қаңтар, 2025
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жұмыстары жыл өткен сайын қарқынды жүргізіліп келеді. Соған қарамастан, заңсыз тауар айналымы толастамай тұр. Әсіресе акцизделетін өнімнің заңсыз айналымы өңірде өрши бастағанын аңғару қиын емес. Құзырлы орган қызметкерлері жұмысының нәтижесінде, темекі және алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымымен айналысқандар заңға сай жазаланды.