Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
2262 материал табылды

Аймақтар • 17 Ақпан, 2025

Бесағаш ауылында спорт кешені пайдалануға берілді

Жамбыл облысындағы Бесағаш ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, спорт ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • 14 Ақпан, 2025

Тараздық қолөнер шеберлері халықаралық көрмеге қатысты

Үш жыл бұрын Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан көне Тараз қаласы дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енген болатын. Ықылым заманнан сауда-саттықтың ордасына айналған шаһардың шеберлеріне соңғы жылдары айрықша қамқорлық көрсетіліп жатыр. Туындылары жаһандық деңгейде мойындалған тараздық қолөнершілер күні кеше Индонезия мемлекетінде өткен «INACRAFT – 2025» халықаралық көрмесіне қатысып қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндіріс • 14 Ақпан, 2025

Медицина бұйымдарын шығаратын зауыт

Үш жыл бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ең алдымен, жергілік­ті жерлерде тиімді жұ­мыс жүргізілуі керек. Әкім­дер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс» деген еді. Прези­дент тапсырмасын орын­дау бағытында Жам­был өңірінде ауқымды жұмыс­тар атқарылып келеді.

Медицина • 12 Ақпан, 2025

Нәрестенің өмірін сақтап қалды

Тараз қалалық перинаталдық орталығында дүние дидарын көрген нәрестенің жағдайы мәз емес еді. Жағдайдың ушыққанын түсінген ата-ананың дегбірі қашты. Сәбидің дерті ауыр екенін түсінген дәрігерлер оны едел-жедел реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Отбасы • 12 Ақпан, 2025

Алимент өндірудің азабы

Отбасы – адамзат үшін ең басты құндылық. Алайда құрмет пен сыйластық, сенім мен махаббат ғайып бола бастағандықтан ба, шағын мемлекеттің шырқы бұзылатын жағдай азаймай тұр. Ажырасу – қазақ қоғамындағы ең өзекті мәселе. Бірер жыл бұрын отау құрған жастардың үштен бірі арада аз уақыт өткенде некесін бұзып жататыны туралы деректі оқып, тіксініп қалғанымыз рас.

Жәдігер • 05 Ақпан, 2025

Мөржүзік

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінің қорында әр дәуірдің көзіне ай­налған жәдігерлер жеткі­лікті. Олардың бірқатары археоло­гиялық қазба жұмысы кезінде та­былса, ендігі бір бөлігін музейге қала тұрғын­дары арнайы тапсырған. Өлкенің ғана емес, тұтас түркінің тарихынан сыр шер­те­тін құндылықтар қай кезде де жергілікті тұр­ғындарды бейжай қалдырған емес.

Өндіріс • 04 Ақпан, 2025

Сапалы сусынға сұраныс жоғары

Жамбыл облысында кейінгі жылдары әлеует­ті ин­весторлар тар­ту арқы­л­ы өндіріс ошақ­тарын көбейтуге басымдық бе­рі­ліп отыр. Жергілікті атқа­рушы билік өкілде­рі шетелдік және отан­дық инвестор­ларға қол­дан келгенше қол­дау көр­сетеді. Жыл басы­нан бері өңірде екі зауыт ашыл­ды. Мамыр айында «Та­раз» индустриялық айма­ғында метал­лургиялық кәсіпорын іске қосылмақ.

Медицина • 04 Ақпан, 2025

Мәміле де, мәселе де бар

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев: «Мін­детті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйесін рефор­­малауды жалғастыру керек. Соны­мен қатар бірқатар заң­на­малық шара қабылдау қажет. Үкімет Парла­мент­пен бірге мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін же­тіл­­діру туралы заң жобасын жедел пысықтауы керек. Құ­жат­ осы сессияның соңы­на дейін қабылдануға тиіс», деп атап көр­сетті.

Баға • 28 Қаңтар, 2025

Таразда да картоп бағасы қымбат

Бірнеше күн бұрын еліміздің өзге өңірлері секілді Жамбыл облысында да картоп бағасы қымбаттап кетті. Жұрт күнделікті тұтынатын негізгі азық-түліктің бірі болғандықтан, жергілікті халық бағаның аспандап кеткеніне налығаны анық. Ел көкейіндегі түйткілді шешудің маңызын түсінген жергілікті атқарушы билік бірден іске кірісіп, картоп бағасының төмен­деуіне ықпал етті.

Байқау • 23 Қаңтар, 2025

«Ой шебері» зерделіні анықтайды

Өткен жылдың соңында өңір басшысы Ербол Қарашөкеев 2025 жылы Жамбыл облысында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы жүзеге асырылатынын хабарлап, оған өңірдің барлық санатындағы азаматы үлес қосатынын жеткізген еді. Жоба аясындағы іс-шаралар жыл­ бас­талған сәттен-ақ қол­ға алын­ғаны көңіл қуантып отыр.