Іс-шараның басты мақсаты – ұлт руханиятының темірқазығы болған дара тұлғаның бай мұрасын насихаттап, өскелең ұрпаққа шығармаларын кеңінен таныстыру.
Кеш барысында хәкімнің өлеңдері оқылып, Абай атындағы орталық кітапхананың қызметкерлері ұлы ақынның «Қара сөздерінен» үзінділерді көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар, Абай өлеңдерінен әндер шырқалды. «Тараз жастары» театрының ұлы ойшылдың өмірінен сыр шертетін сахналық көрінісі де шараның шырайын ашты.
Әдеби кеш аясында «Абай – ұлы тұлға» атты кең көлемдегі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Абай шығармалары мен ақын жайындағы зерттеу еңбектері қойылып, келушілер тарапынан зор қызығушылық тудырды.
Тараз