Қоғам • 14 Тамыз, 2025

120 орынды жатақхана пайдалануға берілді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында жұмысшы мамандықтар жылына орай 120 орындық жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

120 орынды жатақхана пайдалануға берілді

Нысанның құрылысын жеке кәсіпкер Меиз Рыспаева жекеменшік әлеуметтік серіктестік аясында жүргізіп, толықтай аяқтады. Жоба жастардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту және қолжетімді білім беру кеңістігін кеңейту мақсатында жүзеге асырылды.

Жатақханада Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледждің студенттері тұрады. Ғимарат заманауи стандарттарға сай салынып, барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Жатын бөлмелер, оқу және демалыс залдары, асхана мен кір жуу бөлмелері бар.

Ашылу рәсімі «Jastar Life Talks» мотивациялық форумымен жалғасты. Форумда әртүрлі салада жетістікке жеткен жас мамандар мен танымал тұлғалар студенттермен кездесіп, табысқа жету жолындағы тәжірибелерімен және мотивациялық ойларымен бөлісті.