
Жамбыл облысының Талас ауданында екі кәмелетке толмаған балаға жүйелі түрде күш қолдану дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеуі Ішкі істер министрі Ерлан Саденовтің жеке бақылауында.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешов мәлімдеді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Балаларға медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды, - делінген хабарламада.