
Білім • 14 Наурыз, 2025
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысында жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін стартаптардың жедел дамуына арналған «AI-Sana» бағдарламасын әзірлеу басталғанын жариялады.
Ауыл • 14 Наурыз, 2025
Таңертең көкемнің «тұр да-тұрымен» оянып алсақ та жылы көрпеден шыққымыз жоқ.
Талбесік • 14 Наурыз, 2025
Ұлан-ғайыр далаға киік сыймай барады...
Қазірде қазақ даласында ақбөкеннің қыстық өрісі, орын ауыстыру жолы, жазғы жайылымы белгіленген үш ірі үйірі бар. Олар Бетпақдала, Арал, Орал өңірінде. Бұрын Бетпақдала популяциясы ең ірісі деп есептелетін. Кейінгі жылдары экологиялық өзгеріске байланысты Орал үйірі тез қарқынмен өсіп, алдыңғы қатарға шықты.
Тағзым • 14 Наурыз, 2025
«Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» өзіне медет тұтқан қазақ халқының тарихында ұрпақтары ұялатын ештеңе болмағанын қай кезде де мақтанышпен айта аламыз. Дала демократиясын өмірге әкеліп, би, хан сайлауларында таңдау еркіндігін таныта білген бабаларымыздың данышпандық деңгейіне қайран қалатын тұстарымыз жеткілікті-ақ. Ол аздай, бүгінгі бүкіл әлем, оның ірілі-ұсақты елдері қолданып жүрген әкімшілік-территориялық құрылымдарын да қазақ әу бастан ойлап тауып, іске асырған.
Президент • 14 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амал күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Университет • 14 Наурыз, 2025
Университет ТОП-200 қатарына енді
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім бағдарламалары «QS World University Rankings» әлемдік білім беру пәні рейтингінің үздік ТОП 200 қатарына енді.
Сенат • 13 Наурыз, 2025
Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Жасөспірім қыздардың құқығын қорғау, ерте жүктіліктің алдын алу» атты дөңгелек үстел өткізді.
Саясат • 13 Наурыз, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен келіссөз жүргізді.
Пікір • 13 Наурыз, 2025
Ғалымдар «Арман-мақсаты таусылған адам қайткенде де бұл дүниені тәрк етеді. Ауырып, болмаса сап-сау жүріп, бір-ақ күнде о дүниеге кете барады» дейді. Бұл жалқы адам емес, тұтас ұлт, қоғам мен халыққа да қатысты болса керек. Дүниеде ортақ арманы, ортақ мүддесі жоқ қоғамның да батарға күні таяу. Әркім өз қарақан басының мүддесін күйттеген жерде радикалды идеялар мен бөлінушілік, бүлікшілдік бүр жарады. Іштен іріп, бөлшектенуге даяр. Ел боламыз десек, есіңді жидыратын, тұтас ұлтты ұйытатын, рухты көтеретін, керек десе, сол идея жолында жан беруге болатын ұлттық идеология керек бізге. Мұны айтып жүрген жалғыз біз емес және бұл бүгін ғана пайда болған мәселе емес. Ұлттың сөзін тас қылып ұстаған Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Бұқар жыраулардан бергі көштің өкілі ретінде біз де бұл мәселеге бас қатырарымыз бар. Талай жерде осыны айттық. Қайбір атқамінер ағаларымыз «Айта бергенше, жазбайсың ба?» деген соң қолымызға қалам алдық, көкірек дәуітке малдық...
Саясат • 13 Наурыз, 2025
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті.