Digital • Бүгін, 08:13

Керек дерек

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы 24 қарашадан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсіміне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Қызмет тек онлайн форматта – «eGov.kz» электрондық үкімет порталы немесе «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.

Керек дерек

Сурет: eskeldi-eli.kz

Тұрғылықты жері бо­йынша онлайн-тіркеуден өту үшін пайда­ланушыға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және оның жеке ка­бинетіне тіркелген телефон нө­мірі (МАБ) қажет. Қызмет толық авто­­мат­тандырылған және онлайн түрде жүзеге асады. Бұл қыз­мет алу уақытын айтарлықтай қысқар­тады. Сондай-ақ азаматтар бұл қыз­метті Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында онлайн рәсімдей алады.

Қызмет келесі санаттағы азамат­тарға көрсетіледі: бірінші, Қазақстан Респуб­ликасының азаматтарына, оның ішінде тұрғын үй иелеріне; екінші, сот ше­шімімен әрекетке қабі­летсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі болып танылған 18 жастан асқан азаматтардың қорғаншылары мен заң­ды өкілдеріне; үшінші, 14-16 жас аралығындағы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкіл­де­ріне. Ал 14 жасқа дейінгі балалар жеке тіркеуге тұр­­майды. Қа­зақ­­стан Респуб­лика­сы Аза­мат­­тық кодексінің 16-бабына сәй­­кес, он төрт жасқа тол­маған бала­ның тұрғылық­ты жері оның ата-анасы­­ның немесе заңды өкілдері­нің тұрғылықты жері саналады. 14 пен 16 жас аралы­ғындағы балаларды ата-ана­лары немесе заң­­ды өкілдері тіркей­ді. Сот шешімімен әрекетке қабі­летсіз деп танылған 18 жастан асқан азаматтарды да олардың қор­ған­шылары «eGov.kz» порталы арқылы жаңа мекенжайға тіркей алады.

 

Азамат ҚҰСАЙЫН