Спорт • Бүгін, 09:20
Мундиальдағы тұсаукесер кездесуінде Тунис құрамасының Швециядан 1:5 есебімен ойсырай ұтылғаны белгілі. Осы сәтсіздіктен кейін аталған мемлекеттің ұлттық федерациясы бас бапкер Сабри Лямушиді дереу отставкаға жіберді. Оның орнына Эрве Ренар тағайындалды. 57 жастағы француз маманы кезінде Замбия, Ангола, Кот-д’Ивуар, Марокко, Сауд Арабия құрамаларын жаттықтырды. Бірқатар мықты клубтармен де жұмыс істеді.
Байқау • Бүгін, 08:59
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынды.
Тұлға • Бүгін, 08:30
Нұрғиса Тілендиев дегенде көз алдымызға әдетте сазгер, дирижер тұлға елестейді. 5 жасынан бастап-ақ әкесінен домбыра тартуды үйренген бала Нұрғисаның Ахмет Жұбановтың көзіне түсуі — оның қазақ халқына 500-ден астам музыкалық туынды сыйлауына себеп тудырды. Оның ішінде — ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, тіпті балет те бар. Қазақстан композиторларының ішінде тұңғыш рет Халық Қаһарманы атағы да осы бір ерекше дарынды тұлғаға бұйырған.
Білім • Бүгін, 08:25
Ерекше талапкерге қандай жағдай жасалған?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2026 жылы негізгі ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 592 талапкер қатысып жатыр. Оның ішінде 201-і – көру қабілетінде ақауы бар, 306-сы – естуі нашар, 86-сы – тірек-қимыл аппараты бұзылған талапкер. Оларға тестілеуде қандай жағдай жасалған?
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07
Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жаңартылатын энергетика және инженерлік экология тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шара Азия, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінен келген академиялық қауымдастық өкілдерін, өндіріс мамандарын, сондай-ақ экология, инженерия және ақпараттық технология бағытындағы сарапшылардың басын қосты.
Саясат • Бүгін, 07:30
Тіл саясаты және заманауи талаптар
Астанада Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Қоғам • Кеше
Әлемге қазақ өнерін танытып жүрген әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге сапары барысында өзі білім алған №32 мектеп-гимназияға барып, ұстаздарымен және оқушылармен кездесті.
Маман • Кеше
Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Атбасар ауданының Құрметті азаматы Бауыржан Айтбайұлы Ділдәбеков биыл 80 жасқа толып отыр. Адам ғұмырының ұзақтығы жыл санымен емес, артында қалдырған ізімен өлшенсе керек. Осы тұрғыдан алғанда, Бауыржан Айтбайұлының өмір жолы – туған елге адал қызмет етудің, мамандыққа деген беріктіктің, азаматтық ұстанымның жарқын үлгісі.
Әдебиет • Кеше
Төлен Әбдік, жазушы: Оқырманның көбі астарлы ойға мән бермейді
Қаламгер мен оқырман арасындағы зияткерлік күрес ешқашан саябырсыған емес. Сондықтан да қарапайым адамның ойлау қарым-қабілетін дамытатын туындыларға зәрулік уақыт өткен сайын арта түспесе, кемімейтіні анық. Бұл орайда қазақ әдебиетінің қоржынына «Парасат майданы» сынды классикалық шығармалар жазған қаламгер Төлен Әбдіктің айтары қашанда мәнін жоғалтпайды.
Аймақтар • Кеше
Биыл туғанына 120 жыл толып отырған Ахмет Жұбановтың туған өлкесінде өнерге құштар, қабілетті балалар аз емес. Домбыра мен күйге қызығатын, ұлттық өнерге жақын небір дарындар бар. Бірақ бүгінде 13 мыңға жуық тұрғыны, 2,5 мыңнан астам оқушысы бар Ембі қаласындағы музыка мектебінің филиалында небәрі 25 бала ғана білім алады. Өнерге қызығатын дарындар көп болғанымен, мүмкіндік шектеулі. Сондықтан жергілікті тұрғындар мен ата-аналар Ембіде дербес музыка мектебін ашу мәселесін қайта көтеріп отыр.