Республика күні • 19 Қазан, 2024
Тамыры терең тарихымызға үңілсек, Ұлы даланың қасиетті топырағында дүниеге келіп еркіндікті аңсаған дана халқымыз қоғамда қалыптасқан тәртіпке мойынсұнып қана қоймай, мемлекеттің сенімді де адал тірегі бола білді. Берекелі бірлік арқылы халқымыз түрлі сынақтан сүрінбей өтіп, әлемге ашықтық, толеранттылық, қонақжайлық, басқа ұлт өкілдеріне деген сыйластық сияқты тамаша әрі қайталанбас қасиеттерді бойына сіңірді.
Тұлға • 19 Қазан, 2024
Намысқа баспасақ, алысқа бармаймыз!
2025 жылы фашизмге қарсы соғыстың аяқталғанына 80 жыл болады. Қазақ халқының батыр ұлы Рахымжан Қошқарбаев пен оның қандыкөйлек қаруласы Григорий Болатов екеуі оқ пен от кешіп, 1945 жылы сәуір айының аяғында қаһармандықпен Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына талай уақыт өтсе де, ақиқаты бүгінге дейін толық ашылған жоқ. Мысалы, осы екі тұлғаға да «Кеңес Одағының батыры» атағын бермеу себебі әлі күнге белгісіз.
Қоғам • 18 Қазан, 2024
Әлем тәжірибесіндегі азаматтық қоғам
Демократия жолындағы еліміз азаматтық құндылықтарды қайта қарастырып, жандандырып жатыр. Басты мақсат – отандастарымыздың жауапкершілігін күшейтіп, күнделікті өмірдегі мәселелерден бастап мемлекеттік деңгейге дейінгі шешімдерді қабылдауда азаматтық-құқықтық белсенділік көрсетуге шақыру.
Халық • 18 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында халқымыз қашанда кең пейілімен, толеранттылығымен ерекшеленгенін, еліміздің ынтымағы ең алдымен осы қасиеттер арқылы сақталып отырғанын айтты.
Республика күні • 18 Қазан, 2024
Республика күні – мемлекеттіліктің тарихи белесі
Қазақ елінің тәуелсіздігіне жол ашқан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына биыл – 34 жыл. Ал бұл елеулі датаның «ұлттық мереке» мәртебесін алып, қайта оралғанына – екі жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Егемендік декларациясы – тәуекел мен дипломатияның, ақыл мен сабырдың жемісі. Ұлы Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық баса» отырып, ешқандай дүрбелеңсіз тәуелсіздікке қол жеткіздік» деген еді. «Egemen Qazaqstan» газеті ұлық мереке қарсаңында елдігіміздің іргетасы болған Республика күнінің маңызы мен мәнін, атап өтудің жөн жобасы туралы арнайы дөңгелек үстел өткізді.
Жансарай • 18 Қазан, 2024
Ғылымның уақыт талабына сай дамуына кең жол ашатын тұлғалар – ғалымдар мен ұстаздар. Осы екі саланы қатар алып, тұтас ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге, ағартушылыққа арнағандар аз емес. Солардың бірегейі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары – Әбдімәжит Саипов пен Қадиша Шалғынбаева.
Мирас • 18 Қазан, 2024
Сығанақтың сыны кетпесін десек...
Қанша кезең өтсе де Сығанақ қаласы туралы тарихи деректер маңызын жойған емес. Археолог ғалымдар әлі зерттеп, саралап жатыр.
Тұлға • 17 Қазан, 2024
«...Кенет тұтқын балалардың бірі артындағының кеудесіне екі шекесін алма-кезек ұрғылап шыңғырып жіберді. Ақ тайлақтың терісі күнге күйіп тырысып барады. Қаудырлап кеуіп жатқан түйенің көні бас сүйекті сытырлатып шаға түсті. Қазір-ақ ұн қылып уатып жіберетіндей. Басқа тұтқындар да бебеулей бастады. Олар бір апта бойы осылай зар илеп, шыңғырды да жүрді. Сосын бастарына шаш шықты, ол түйенің көнінен өте алмай, қайтадан бастың құйқасын тесіп кері өсті. Алты тұтқын елі қайда, жері қайда екенін білмейтін мәңгүртке айналды. Жүре-жүре тілден де айырылды. Түйемен бірге өреді, түйемен бірге келеді».
Жансарай • 16 Қазан, 2024
Қай халықтың болсын ғылымы мен мәдениеті адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлғаларымен, ғибраты мол рухани жетістігімен озық саналады. Қазақтың аса көрнекті ғалым қызы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Рабиға Сыздықтың ғылыми шығармашылығы, ұлттық мәдениет қазынасына қосқан қыруар қымбат мұрасы, теңдесі жоқ телегей-теңіз тілшілік қызметі біздің санамызда сондай озық қатардан орын тебетін жасампаз, жарқын үлгісімен мәңгі жасай береді.
Қоғам • 16 Қазан, 2024
Туристер қызығатын көшпелілер ойыны
Биыл елімізде өткен V Дүниежүзілік көшпелілер ойынына 5,7 миллиард теңге жұмсалған екен. Ойын ережесіне сай әр спортшының жүріп-тұруына, жататын орны, ішіп-жегеніне шамамен бір адамға 1,5 миллион теңге жаратылады. Ал Моңғолияда өткен Көшпелілер ойынына мемлекеттен 10 миллион төгрөг бөлінген. Ол шамамен 1,5 миллион теңге. Әрине, екі іс-шараның деңгейін салыстыра алмайсыз, дегенмен туризм саласын көшпелілер құндылықтарына қатысты дамытуда ескеріп-елейтін жайттар бар.