
2 наурыз - Абайға тағзым
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» концерті өтеді. Концерттің орындаушысы әрі идеялық шабыт берушісі – Қазақстанның халық әртісі Шахимардан Әбілов.
7-8 наурыз - Аналарға арналады
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Барзу Абдураззаковтың «Мама» драмасының премьерасы өтеді. Спектакль режиссері – Фархад Молдағали.
9 наурыз - «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...»
Астана қаласы Жастар театрында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» шығармасының негізінде қойылған режиссер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбайдың «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» сахналық повесі көрерменін қуантады.