фото: Астана қаласының әкімдігі
Мәдениеттерді жақындастыру орталығында «22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні!» атты ашық есік күні жоспарланған, ал Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында «Қош келдің, Әз-Наурыз» концерті өтеді.
Астанада негізгі мерекелік іс-шаралар EXPO аумағында, «Қазақ Елі» монументі маңында, қалалық алаңда және қаланың өзге де аудандарында ұйымдастырылады. Мұнда концерттер, жәрмеңкелер, этномәдени бағдарламалар мен ұлттық ойындар ұсынылады. Алматыда қаланың орталық алаңдарында ауқымды мерекелік концерттер, қойылымдар және көпшілікке арналған іс-шаралар жоспарланған.
Шымкентте басты сахналарда шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламалар көрсетіледі, ал өңірлерде этноауылдар, фестивальдер, көрмелер, гастрономиялық алаңдар ұйымдастырылады.