Әлем • Бүгін, 11:02

Ормұз дағдарысы әлемдік әуе қатынасын қысқартты: 13 мың рейс тоқтатылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Авиаотын тапшылығына байланысты әлемдік авиация саласында рейстердің ауқымды қысқаруы байқалып отыр. Бұл туралы Cirium талдау компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ормұз дағдарысы әлемдік әуе қатынасын қысқартты: 13 мың рейс тоқтатылды

Мамыр айында әуе компаниялары шамамен 13 мың рейсті тоқтатып, кестеден 2 миллионға жуық жолаушы орнын алып тастаған. Сәуірдің соңғы екі аптасында қолжетімді орындар саны 132 миллионнан 130 миллионға дейін азайған. Мамандардың айтуынша, бұл жағдай әсіресе Еуропадағы мектеп демалысы кезеңінде туристерге елеулі әсер етуі мүмкін.

Рейстерді қысқартқан әуе тасымалдаушыларының қатарында Turkish Airlines, Lufthansa, British Airways және KLM бар.

Дубайға жол ашылды: Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін толығымен ашты

Авиациялық керосин тапшылығы Иран төңірегіндегі геосаяси шиеленіспен байланысты болып отыр. Ақпан айынан бері авиаотын бағасы екі еседен астам қымбаттаған.

Қазақстаннан Дубайға рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды

Сарапшылардың болжамынша, жаз мезгілінде жағдай одан әрі ушығуы мүмкін. Мәселен, Lufthansa әуе компаниясы жазғы кестеден шамамен 20 мың қысқа рейсті алып тастаған.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар