Мереке • Бүгін, 16:55

Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мейрамы күні «Нұрлы жол» вокзалының перронынан ұлттық нақышта безендірілген №85/86 «Астана – Шымкент» пойызы сапарға аттанды. Жолаушыларды перронда ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алып, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әрбір жолаушыға ұлттық тағамдар – наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты

Сондай-ақ, №6829/6830 «Астана – Көкшетау» және №7507/7508 «Астана – Көкшетау» бағытындағы электр пойыздары да мерекелік үлгіде безендірілді. Этностильдегі пойыздар 2026 жылғы наурыз айының соңына дейін қатынайды.

Жолаушыларды мерекелермен құттықтау компанияның жыл сайынғы маңызды дәстүріне айналған. Ұлттық тасымалдаушы пойыздарды тақырыптық стильде безендіріп, жолаушыларға ерекше көңіл күй сыйлайды.

Аталған мерекелік акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатыр. Компания қызметкерлері мен жолсеріктер пойыз ішінде де, перрондарда да жолаушыларды Наурыз мерекесімен құттықтауда.

«Тазару күні»: Ертең елімізде аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өтеді

Соңғы жаңалықтар