Президент • 01 Наурыз, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идея­ларынан бастау алады.

Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.

Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады.

Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!

Баршаңызға бақ-береке тілеймін!

Ниет қабыл болсын!