Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл жағдай Ұлыбританияда мектепке дайындық деңгейін анықтауға арналған жыл сайынғы сауалнама барысында белгілі болған. Сарапшылар мұны балалардың ерте жастан гаджетке үйір болуымен байланыстырады. Балалардың көбі алдымен цифрлық экранға үйреніп, қағаз кітаппен кеш танысады. Соның салдарынан тек оқу құралын пайдалану емес, басқа да бастапқы дағдыларда қиындық байқалады. Мұғалімдер кей балалардың өздігінен тамақ ішу, киіну, қарапайым тапсырмаға зейін қою жағынан да қиналатынын айтады.