Сурет ашық дереккөзден алынды
Мәліметке сәйкес, блогердің сырт келбетін, мимикасын және танымал контент стилін коммерциялық мақсатта пайдалану құқығы үш жыл мерзімге шамамен 1 млрд долларға жуық сомаға берілген. Келісім шартында оның жасанды интеллект негізінде цифрлық аватарын жасауға да рұқсат қарастырылған. Мұндай виртуалды бейне блогердің қатысуынсыз-ақ видео шығарып, жарнамалық және медиаконтент тарата алады. Сондай-ақ әртүрлі тіл мен уақыт белдеуіне бейімделген онлайн трансляциялар жүргізу мүмкіндігі бар. Мамандар бұл үрдісті инфлюенсерлер нарығындағы жаңа модель ретінде бағалап отыр. Яғни жеке тұлғаның медиа-бейнесі дербес цифрлық активке айналып, жарнама мен контент өндірісінде жасанды интеллект кеңінен қолданыла бастайды.