Саясат • 01 Наурыз, 2025

Пайдалы әріптестік

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясының басшысы Әли Джавад Әл-Эйдпен кездесті.

Пайдалы әріптестік

Фото: t.me/KZgovernment

Вице-премьер Әли Джавад Әл-Эйдті 2025 жылғы 28 қаңтар­да ХВҚ миссиясы­ның бас­шысы лауазымына тағайын­далуымен құттықтап, Қазақ­стан ХВҚ-ның сарапта­малық қорытындысы мен ұсынымдарын әрдайым жо­ғары бағалайтынын, бұл елі­міз­дің экономикалық сая­са­тын қалыптастыру мен маңыз­­ды стратегиялық шешімдер қа­был­дау үшін таптырмас ре­сурсқа айналғанын атап өтті.

«Қазақстан Қормен 30 жыл­дан астам уақыт жемісті ынты­мақтастық орнатып, айрықша қолдауға ие болды. Біздің ХВҚ-мен ұзақмерзімді әріптестігі­міз экономикалық тұрақ­ты­лық­ты қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының сапалы әрі орнықты өсуі үшін өте маңызды», деді С.Жұманғарин.

Кездесуге қатысушылар құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, салық-бюд­жет сая­сатын жетілдіру және ұлттық қаржы нарығын дамытуға бағыт­талған жо­балардың оң нәти­желерін атап өтті. Бұл жобаларды іске асыру барысында ХВҚ-ның тәжірибесі мен ұсыным­дары ескерілгені айтылды. Сондай-ақ 2021 жылдан бері Алматы­да жұмыс істеп келе жатқан ХВҚ-ның Кавказ, Орта­лық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту жөніндегі өңірлік орталығы­ның өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі ерекше аталыпп өтті.

Сонымен қатар вице-премьер мен миссия басшысы мемлекеттің экономика­лық нақты секторын қаржы­лан­дыру, бюджет-са­лық реформа­сын іске асыру жөніндегі жоспарларын, сондай-ақ өзара іс-қимыл­дың басқа да аспектілерін талқылады.