Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

Жаңа жыл қарсаңында адасып кеткен азамат аман-есен табылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жыл күндері полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалаумен қатар, адам өміріне төнген қауіптің алдын алуға да барын салады. Осындай оқиғалардың бірі Ақмола облысының Бұланды ауданында тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа жыл қарсаңында адасып кеткен азамат аман-есен табылды

Фото: ашық дереккөз

Мерекелік түнде жергілікті дәмханалардың бірінен кезекші бөлімге хабарлама түскен. Қонақтардың бірі сырт киімін киместен, жалғыз жейдемен далаға шығып кеткен. Сол уақытта ауа температурасы -30 градустан төмен түсіп тұрған.

Хабар түсе салысымен полиция қызметкерлері жедел іздеу жұмыстарын бастады. Бұланды аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл қағып, бірнеше көше мен аулада бір мезетте іздеу жүргізді. Қатты аязда жеңіл киінген адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін екені полицейлерді алаңдатты.

Іздеу барысында жоғалған азаматтың Щучинск қаласының тұрғыны екені және мерекелік іс-шараға келгені анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін бағдарынан жаңылып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Екі сағатқа созылған қарқынды іздеу нәтижесінде ер адам аудан көшелерінің бірінен әбден тоңған күйінде табылды. Полиция қызметкерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жылытып, жақындарына тапсырды.

Кейін құтқарылған азамат полицейлерге алғысын білдіріп, бейнеүндеу жолдады. Ол экстремалды ауа райы жағдайында өмірін сақтап қалуға полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен бейжай қарамауы себеп болғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар