Фото: Report
Report агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, бұл туралы жергілікті Venezolana de Televisión телеарнасының эфирінде судья Таня Д’Амелио мәлімдеді.
«Венесуэланың жоғарғы соты (TSJ) республиканың атқарушы вице-президенті Делси Родригестің Конституция мен Венесуэла заңдарын қатаң сақтай отырып, республика президентінің міндетін дереу атқаруға кірісуін тапсырды», деді ол.
Судьяның түсіндіруінше, бұл шешім жоғарғы соттың Конституциялық палатасы тарапынан 2026 жылғы 3 қаңтарда болған шетелдік әскери агрессияға және Венесуэланың конституциялық президенті Николас Мадуроның ұрланып әкетілуіне байланысты қабылданған.
Венесуэла Каракастағы жарылыстардан кейін АҚШ-ты әскери агрессия жасады деп айыптады