Ауа райы • 04 Қаңтар, 2026

4 қаңтарда республика бойынша қай жолдар жабық тұр?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

4 қаңтарда республика бойынша қай жолдар жабық тұр?

Фото: ашық дереккөз

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 3 қаңтар сағат 15:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 18-232-шақырым аралығында барлық көлік түрі үшін жылдамдық режимі 140 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа шектелді.

Ал Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды.

Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Соңғы жаңалықтар