Спорт • 04 Қаңтар, 2026

Дастан Сәтпаев жас футболшылардың әлемдік рейтингінде көш бастады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының «Қайрат» клубының және Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев 21 жасқа дейінгі футболшылардың әлемдік рейтингінде бірінші орынға шықты. Бұл туралы Egemen.kz хабарлайды.

Дастан Сәтпаев жас футболшылардың әлемдік рейтингінде көш бастады

Фото: ашық дереккөз

Рейтинг қорытындысы бойынша Дастан Сәтпаевтың әлеуеттік көрсеткіші 88,6 баллды құрады. Ал оның қазіргі чемпионаттағы орташа рейтингі 65,6 балл деңгейінде.

Екінші орынға Гондурас құрамасы мен Олимпия клубының 18 жастағы шабуылшысы Дерек Монкада (86,7), үшінші орынға Боливияның Боливар клубының 18 жастағы қорғаушысы Эсклейсон Фрейта (87,1) жайғасты.

TransferRoom мәліметінше, бұл рейтингтер жас ойыншылардың әлеуетін олардың ұлттық чемпионаттарындағы орташа деңгеймен салыстыру арқылы жасалған. Портал 2026 жылы дәл осы футболшыларға ерекше назар аударуға кеңес береді.

Сондай-ақ Сәтпаевтың әлеуеттік көрсеткіші қазіргі әлемдік жұлдыздар — Йозуа Киммих, Усман Дембеле және Рубен Диаш деңгейімен салыстырылған.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша колледж бар?

Білім • Бүгін, 17:57