Фото: ашық дереккөз
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты және ТРЭКОЛ жол талғамайтын көлігі тартылды. Құтқару қызметінің күшімен аумақ толық тексерілді.
Іздеу тобы 2012 жылы туған екі баланы Майбалық көлі маңындағы ашық аумақтан тапты.
Балалар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.