
- Бізде Еңбек Кодексі бойынша кез келген жұмыс істеп жүрген азамат жылына бір рет ақылы еңбек демалысына шығуға мүмкіндігі бар. Ол үшін әр мекемеде кесте жасалады. Қызметкерлерге сол кесте бойынша ақылы еңбек демалысы беріледі. Осы жағдайда баласымен үйде қалуға мәжбүр болған ата-аналарға сол жылына берілетін ақылы еңбек демалысын осы күндерге беруді ұсынамыз. Бұл жерде кемінде орташа жалақысы сол жұмысшыға төленетін болады. Бірақ өз кезегінде жұмыс беруші жұмысшыдан екінші отбасыдағы ата-анасы немесе басқа да қамқоршылары осындай демалысқа шықпағаны туралы немесе отбасында жұмыссыз жүрген азаматтар жоқ екені туралы анықтама талап етуге құқылы, - деді министр.