Экология • 01 Қазан, 2019

Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қазан күні Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі деген болжам бар. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады. 

Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қарағанды, Атырау, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар