Технология • 07 Маусым, 2019

IT саладағы гендерлік теңсіздік

1080 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

DigiGirlz High Tech Camp. Бұл Microsoft компаниясының білім беру жобасы. Соның аясында Астана халықаралық мектебінде ел біріншілігінің жалауы желбіреді. Жобаның атынан белгілі болғандай, сайысқа тек оқушы қыздар тартылды.

IT саладағы гендерлік  теңсіздік

Мұндағы мақсат бір – DigiGirlz жаңа технологияларға бейімі бар қыз балалардың қабілетін арттырып, шеберлігін шыңдауды көздейді. Сол секілді IT саласы және нақты ғылым­дарды таңдауға жүрегі дауаламай жүрген қаракөздеріміздің көзқарасын өзгертіп, гендерлік теңсіздікті бұзegуға бағытталған.

– Нұр-Сұлтан шаһарында Қазақстандағы алғашқы DigiGirlz High Tech Camp чемпиона­тын өткізіп отырмыз. Бұл бағдарлама қыз балаларды Stem бағытында, инженерияда, сыни ойлауда, сонымен қоса ұжыммен жұмыс істеуге қолдауға арналған. Қаты­­су­шылар Arduino-ның не­гізінде түрлі құрал-жабдық­тарды пайдалана отыра жобаларын жасайды. 14-18 жас аралығындағы үлкен топ – екі күн бойы роботтандырылған қолдың протезін құрастырады, автоматтандырылған қолдың жадында сараптамалық мәлімет­тер жинақталады. Ал 11-13 жаста­ғы кіші топтың алдында – акула роботына қимылдауға мүмкін­дік беретін тетікті және басқару құрылғысын ойлап табу міндеті тұр, – дейді Microsoft Қазақстан білім беру бөлімінің жетекшісі Нұрлан Жәнібек. 

Сынға түскен жұмыстардың түгелі дерлік ескерусіз қалмай­­тынын нақтылады ұйымдас­тырушылар. Ал «Hewlett Packard Enterprise» компаниясының Қазақстан және Қырғызстан бойынша бас директоры Дана Алтыбаева елдегі әрбір екінші әйел адам IT саланы таңдауға жасқанатынын айтады. Ол өз мысалында бұл бағытта нәзік жандылардың да табысқа кенелуге болатынын келтіріп, жастарды жаңа бағытта мүмкіндіктерін пысықтауға шақырды. Ресми статистика бойынша цифрлы технологиялармен өз келешегін көбінесе ұл балалар байланыс­тырады екен. Қыз балалардың үлес салмағы тек – 10%. Бұл жаһандық тренд. 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25