Фото: https://web.telegram.org/k/#@konstituciyalikreforma
Е.Дүйсеновтің пікірінше, «Жалпы ережелер» бөлімін «Конституциялық құрылыс негіздері» деп қайта атау ерекше маңызды.
«Жалпы ережелер» бөлімінің атауын «Конституциялық құрылыстың негіздері» деп өзгертуді толық қолдаймын. Бұл бөлім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы туралы, сондықтан біз мемлекеттіліктің қағидаттары мен тәсілдерін көтермелеп қана қоймай, конституциялық-құқықтық жолдаулар арқылы азаматтардың нақты құқықтық санасын қалыптастыруға тиіспіз», деді ол.
Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады
Екінші маңызды түзету – еңбек құқығын нақтылау.
«Еңбек бостандығын емес, еңбекке құқықты көрсету туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл Қазақстан ратификациялаған экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес келеді. Басқа қатысушы мемлекеттер әр адамның нақты еңбек ету құқығын мойындайды», деді профессор.
Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау
Сонымен қатар, Еркін Дүйсенов Конституцияда неке нормасын бекітуді де қолдады.
«Неке ерлер мен әйелдердің заңға сәйкес мемлекет тіркеген ерікті және тең құқықты одағы болып табылады деген норманы енгізуді қолдаймын. Мұндай тәсіл зайырлы мемлекеттің саясатына, теңдік пен кемсітпеушілікке, сондай-ақ ұлтымыздың рухани-адамгершілік кодына сәйкес келеді», деді ол.
Бұл түзетулер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақтылау арқылы конституциялық негіздерді әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы