Президент • 26 Қаңтар, 2026

Мемлекет басшысы Премьер-министр Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті құттықтауында Премьер-министрдің дана басшылығының арқасында Үндістан сенімді түрде алға қарай қадам басып, экономиканы дамытуда және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруда айтарлықтай табысқа жеткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Президент Бас прокуратурада жиын өткізіп, елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты

Соңғы жаңалықтар