Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Депутаттың айтуынша, қазіргі қоғамдағы қоғамдық диалог алаңдары кейде жалпыұлттық мүддені толық қамтамасыз ете алмай отыр. Сол себепті Конституцияда Халық кеңесін бекіту – объективті қажеттілік. Бұл құрылым азаматтардың заң шығару үдерісіне жүйелі әрі тікелей қатысуына мүмкіндік береді.
«Бүгінгі қоғам – белсенді және талапшыл. Енді шашыранды диалог алаңдары, түрлі қоғамдық платформалар кей жағдайда тұтас жалпыұлттық мүдде мен талқылауды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан ұсынылған Халық кеңесі – формальді жаңалық емес, объективті қажеттілік», деді Максим Рожин.
Сонымен қатар депутат Халық кеңесінің құрамына этностардың, өңірлердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретінін атап өтті. Бұл кеңесті мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпірге айналдырып, ұлттық бірлікті нақты іспен қамтамасыз етуге жол ашады. Максим Рожиннің пайымдауынша, кеңес заң жобалары, ішкі саясат және референдум өткізу мәселелері бойынша ұсыныс жасау құқығын иеленіп, ұлттық және әлемдік тәжірибеде тиімділігін дәлелдеген озық модельге айналады.
Исидор Борчашвили: Конституциялық реформа – құқықтық бірлік пен адамға бағдарланған таңдау
Баяндамасында депутат билік тармақтарының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған түзетулерге де тоқталды. Ұсынылған өзгерістер «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» қағидатын нақты мазмұнмен толықтырады.
Қорытындылай келе, Максим Рожин ұсынылып отырған конституциялық түзетулер мемлекеттілікті эволюциялық жолмен нығайтып, қоғам мен билік арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ететінін айтып, комиссия мүшелерін бұл бастамаларды қолдауға шақырды.
Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі