ыс
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Еңбек министрі Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Еңбек министрлігінің басшысы екі күндік жұмыс сапарынының алғашқы күні өңір басшысы Дастан Рыспековпен кездесіп, облыс активімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Үлкен Нарын ауданында екі жұмысшы қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданында су құбыры жарылған жерде апатты-қалпына келтіру және жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып кеткен. Салдарынан «Нарын КомХоз Сервис» коммуналдық кәсіпорнының екі қызметкері – 1983 жылы туған дәнекерлеуші Ержан Айтпаев пен слесарь 1970 жылы туған Сергей Кастерин қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Биыл Жамбыл облысының диқандарына екі есе көп су берілген
Осы жылғы суару маусымы басталғалы жамбылдық шаруалар 44 млн текше метр су алған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 14 Мамыр, 2025
Жастарға 2 мыңнан астам жұмыс ұсынылды
Бүгін Өскеменнің орталық алаңында мемлекеттік мекемелер мен жекелеген компаниялар оқу орнын тәмамдап жатқан түлектерге, жұмыссыз азаматтарға жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар, жастарға баспанаға қол жеткізуге де бағыт-бағдар берілді.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2025
Қызылордада экологиялық құқық бұзушылықты тіркейтін бейнекамералар саны артады
Елімізде экологиялық жағдайды жақсартуда заманауи әрі қолжетімді озық технологиялар енгізіліп отыр. Осы күні Қызылорда қаласында полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарды ластау фактілерін анықтауда Жедел басқару орталығындағы 272 бейнебақылау камерасының көмегіне жүгінеді.
Әдебиет • 14 Мамыр, 2025
Атыраулық қаламгерлер Қазақстанның құрметті жазушысы атанды
Бүгін Атырауда «Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушыларының шығармалары» тақырыбымен Қазақстан Жазушылар одағының көшпелі пленумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 14 Мамыр, 2025
Жайсаңдағы бекетте заңсыз мигранттар ұсталды
Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекара бекетінде Ресей Федерациясына бағыт алған транзиттік бағыттағы жүк көлігін тексеру кезінде заңсыз мигранттар ұсталды, деп жазады Egemen.kz ҰҚК Шекара қызметінің дерегіне сүйене отырып.
Шаруашылық • 14 Мамыр, 2025
Күнбағыс болса, күн бағыс жақсы
Абай облысының дән егіп, тер төккен диқандары көктемгі егіске қауырт кіріскелі қашан. Ауыл шаруашылығы саласының техникамен жарақталуы да жақсарып келеді. Жер тоймай, ел тоймайтынын жақсы білетін шаруалар егістік алқаптарына жоғары сұрыпты тұқым сеуіп, ала жаздай егіннің ебін табуға әзір, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 14 Мамыр, 2025
Алматы облысында барымташылар қолға түсті
Алматы облысы Балқаш ауданында мал ұрлығын «кәсіп» еткен күдіктілер қолға түсті. Олардың 10-нан астам мал ұрлығына қатысы бары анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Жыл басталғалы 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 66 кәсіпорны 1,7 мыңнан астам жұмыскерге 672 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін және түрлі ұйымдардағы еңбек құқығы бұзылуының 2,3 фактісін анықтап, кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 283 ұйғарым беріліп, 152 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. Бұл – 1 мамырдағы жағдай бойынша деректер, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Мамыр, 2025
Павлодар облысында 1,5 мыңға жуық қара малдан бруцеллез анықталды
Ветеринарлар 178 мың қара малды тексеріп шығып, олардың 0,8 %-ы бруцеллез ауруын жұқтырғанын растаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында жыл басынан бері 3 адам суға кеткен
Суға шомылу маусымы ашылғаннан-ақ құтқарушылардың жұмысы қарбаласып кетеді. Олар жыл басынан бері облыс аумағындағы су айдындарына 201 рейд жасап, 20 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріп, үнпарақтар таратқан.
Заң • 13 Мамыр, 2025
Заңсыз өнімдердің жолы кесілді
Біржан сал ауданында кәсіпкерлерден 250 құты ішімдік тәркіленді. Алкогольдік өнімдер ілеспе қосымша құжаттарсыз сатылған.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Соғыс өрті сөнгелі сексен жыл уақыт өтсе де қан қасап майданда опат болған боздақтардың дерегі әлі де табылып жатыр.
Қылмыс • 13 Мамыр, 2025
Елімізде кең таралған киберқылмыс түрлері қандай?
Полиция департаменті алаяқтықтың кең тараған 5 тәсілін айтты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыс • 13 Мамыр, 2025
Абай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі азамат сотталды
Семей қаласының №2 соты екі қала тұрғынын қаржылық пирамида ұйымдастырып, оған қатысқан 26 азаматқа жалпы сомасы 20 млн теңге залал келтіргені үшін кінәлі деп таныды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Жылда жөнделетін көшелер тиімсіз жоспарлаудың көрінісі ме?
Елорданың күн сайын өсіп, дамып жатқаны қуантады. Алайда қала тұрғындарының өмірінде әлі күнге дейін шешілмеген өзекті мәселенің бірі – жол жөндеу жұмыстары. Жыл сайын қайталанатын жөндеу, аяқталмайтын асфальттау мен қайта қазылған көшелер – бұл астаналық жүргізушілердің жүйкесін жұқартатын жағдайға айналды.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Елімізде жұмыспен қамтылғандар саны артқан
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың І тоқсанында еңбек нарығында қалыптасқан жағдайға қатысты сандық дерек ұсынды. Сол статитистикаға сай, республика экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылған, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 13 Мамыр, 2025
Биыл 10 колледж халықаралық тәжірибе алмасады
Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде колледждерді интернационалдандыру бойынша салалық ведомство шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр, олардың қатарында шетелдердің жетекші білім беру ұйымдары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды. Басшыны департамент ұжымына ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Маңғыстауда үлескерлер құрылыс компаниясына алданып қалған
Ақтауда «Сұлтан», «Аққала» және «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу кезінде аса ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 13 Мамыр, 2025
Үш облыс арзан күнбағыс майымен қамтамасыз етілді
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы күнбағыс тұқымын сатып алудың үш жақты форвардтық бағдарламасы бойынша күнбағыс майының кезекті партиясын жеткізді. Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорына 20,8 мың литр көлеміндегі дайын өнім жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Мамыр, 2025
Үкіметте шегірткеге қарсы күрес шаралары пысықталды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткенің таралуына қарсы күресті күшейту қажеттігіне назар аударды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазіргі жағдай туралы баяндады. АШМ мәліметтері бойынша, шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Биыл 15 мыңға жуық мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың еңбекке араласуын қолдау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп келеді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің әртүрлі шараларымен 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылған. Жалпы бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар 108,9 мың адам жұмысқа орналасқан, бұл барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 28,9%-ын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Мамыр, 2025
Абай облысында оқушылар су сүзгісін жасады
Оқушылар қарапайым заттардан тиімді жұмыс істейтін су сүзгісін жасап шығарды. Бұл құрылғыны су тасқыны, жер сілкінісі немесе ауызсу жүйесі істен шыққан жағдайда шұғыл көмек құралы ретінде пайдалануға болады.
Инфрақұрылым • 12 Мамыр, 2025
Жетісу облысында тұрғындардың 70 пайыздан астамы газбен қамтылады
2030 жылға дейінгі «Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2025
Павлодар облысына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзенінің жайылымына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Аталған жұмысты сала министрлігі табиғатты қорғау мақсатында жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2025
Ел назарын аударған ерекше жарыс
Қызылорда облыстық татар этномәдени орталығының онкүндігі аясында «Тақиядағы жүгіріс» атты сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2025
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі
2025 жылғы 12–15 мамыр аралығында Шарапат Бейсекова көшесінен Күләш Байсейітова көшесіне дейінгі аралықта орналасқан Фах бен Абдул Азиз және Сабыр Қожаметов көшелерінің учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған жол бөліктерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2025
Мақта шаруашылығында 70 мың адам еңбек етіп жүр
Маңызды салалардың бірі мақта шаруашылығы – халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан, 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымында шамамен 70 мың адам еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.