Аймақтар • 15 Мамыр, 2025

Еңбек министрі Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

60 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды. Еңбек министрлігінің басшысы екі күндік жұмыс сапарынының алғашқы күні өңір басшысы Дастан Рыспековпен кездесіп, облыс активімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Еңбек министрі Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Кездесулер барысында ведомство енгізген цифрлық шешімдерді қолдану есебінен әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен атаулылығын арттырудың түйінді мәселелері талқыланды.

Облыс әкімімен кездесу барысында Мемлекет басшысының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Активпен өткен кеңесте Светлана Жақыпова Еңбек министрлігі енгізген цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін көрсетті. Атап айтқанда, ол мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыруға және сапалы жоспарлауға арналған жобалардың инновациялық навигаторы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жүйе кадрларға деген қажеттілікті болжауға, инвестициялар көлемі, жобаларды іске асыру кезеңдері және жұмыс орындарын құру бойынша нақты көрсеткіштер туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

«Осылайша, біз өңірлерге өз жобаларын іске асыруға және халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге көмек көрсеткіміз келеді», деп атап өтті министр.

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдарға мемлекеттік қолдауға мұқтаж қазақстандықтарды анықтауға және қажетті шараларды жедел қабылдауға, әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады. Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 11 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  жұмыс барысында Жезқазған қаласындағы Қарттар үйінің тыныс-тіршілігімен танысты.  Қаладағы Мансап орталығында болып, қызметкерлердің жұмысымен танысып, БАҚ -тың қойған сауалдарына жауап берді.

Осыдан кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

С. Жақыпова регрессші кеншілермен кездесу өткізді. Еңбек министрлігінің басшысы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және зиянды өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша ведомство қабылдап жатқан шаралар туралы баяндады.

Министр соңғы жылдары өндірістік жарақаттану деңгейінің және кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылған жұмыскерлер санының төмендеу серпіні бар екенін атап өтті.

Сонымен бірге зиянды еңбек жағдайларында, әсіресе өнеркәсіпте және өндіруші секторда жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі сақталуда. Бұл профилактикаға да, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге де бағытталған кешенді шешімдерді қажет етеді.

«Сондықтан біз бақылау ғана емес, алдын алу, төлемдердегі әділеттілік, өтемақылардың қолжетімділігі және жұмыс берушілерді қауіпсіздікке инвестициялауға ынталандыру маңызды болатын жүйені құрудамыз. Проблемаларды айтып қана қоймай, жағдайды шынымен де өзгерту үшін біз жұмыскерлердің денсаулығы мен құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілдерін дәйекті түрде енгізіп отырмыз», деді министр.

Ертеңгі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрі ірі кәсіпорындар мен әлеуметтік маңызы бар объектілердің жұмысымен танысады. Сондай-ақ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен жұмыс кеңестерін өткізеді.