Қылмыс • Кеше

Елімізде кең таралған киберқылмыс түрлері қандай?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция департаменті алаяқтықтың кең тараған 5 тәсілін айтты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде кең таралған киберқылмыс түрлері қандай?

Астана қаласы Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Талғат Бөлегенов интернет алаяқтықтың кең тараған түрлерін атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

- Егер күмәнді сілтемелерді байқасаңыз, сілтемеге өтпеңіз, тіпті ол жеке танитын адамнан келсе де. Себебі парақша немесе сайт бұзылған болуы мүмкін. Сондай-ақ ешкімге sms арқылы келген кодты, банк картасының құпиясөздерін немесе жеке деректерді беруге болмайды, әсіресе өзін банк немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырған адамға, - деді Талғат Бөлегенов Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Алаяқтықтың кең тараған 5 тәсілі:

1. Алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, күмәнді транзакция сілтеме жасап, жеке деректерді сұрайды;

2. Онлайн сауда: жоқ тауар жарнамасын жариялап, алдын ала төлем алған соң, хабарсыз кетеді;

3. Фишинг сайттары: ресми сайттарға ұқсас жалған ресурстар арқылы қолданушылардың логин, құпия сөздерін иемденеді;

4. Инвестициялық алаяқтық: қолайлы инвестициялық мүмкіндік ретінде ұсынылған алаяқтық платформалар салым жинап, қаражатты шешуге келгенде алаяқтық әрекет болып шығады;

5. Мессенджерлерді бұзу: парақшаларды бұзып, таныс адамыңыздың атынан ақша сұрап хабарлама жібереді.