
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 1,3 жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 355,3 млн теңге төленген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 891 тексеру жүргізді, оның барысында 2 338 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 1 920; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 401; халықты жұмыспен қамту бойынша – 17.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.