Шаруашылық • Кеше

Павлодар облысында 1,5 мыңға жуық қара малдан бруцеллез анықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ветеринарлар 178 мың қара малды тексеріп шығып, олардың 0,8 %-ы бруцеллез ауруын жұқтырғанын растаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында 1,5 мыңға жуық қара малдан бруцеллез анықталды

Өңірлік ветеринария басқармасының басшысы Асылтас Тілеубаевтың айтуынша, қазіргі уақытта облыста 178 мың бас ірі қара мал тексеріліп, олардың 0,8%-ы бруцеллез ауруын жұқтырғаны анықталған. Бұл – 1,5 мыңға жуық мал ауруға шалдыққанын білдіреді.

- Жалпы эпизоотиялық жағдай тұрақты деп бағалаймыз. 131 сібір жарасы мен 239 мал қорымына мониторинг жүргізілуде. Олардың тек 33-і типтік және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келеді, қалған 206-сы ескірген шұңқырлар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жол картасын іске асыру аясында жаңа типтік мал қорымдарын салу, инсинераторлар сатып алу және малды санитарлық сою үшін инфрақұрылымды дамыту жоспарланған,-дейді басқарма басшысы.

Басқарма мамандары Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің биологиялық қалдықтарды жою тәжірибесін зерттеп көрген. Нәтижесінде көмірмен жұмыс істейтін крематорларды біздің облыста қолдануды ұсынып отыр. Әлгіндей бір қондырғы ірі қара малдың ұшасын 5 сағат ішінде жояды және оған жұмсалатын шығынның мөлшері 3 мың теңгені құрайды. Ал қолданыстағы инсинераторларда бір малды жоюдың құны - 15 мың теңге.

Павлодар облысы