Аймақтар • Кеше

Қызылордада экологиялық құқық бұзушылықты тіркейтін бейнекамералар саны артады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде экологиялық жағдайды жақсартуда заманауи әрі қолжетімді озық технологиялар енгізіліп отыр. Осы күні Қызылорда қаласында полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарды ластау фактілерін анықтауда Жедел басқару орталығындағы 272 бейнебақылау камерасының көмегіне жүгінеді.

Қызылордада экологиялық құқық бұзушылықты тіркейтін бейнекамералар саны артады

Департамент жоспарында алдағы уақытта экологиялық құқық бұзушылықты болдырмауға мүмкіндік беретін камералар желісін көбейту бар. Жыл басынан бері полицейлер аталған бағытта 5508 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтапты.

Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының 40 дана бейнебақылау камерасына пилоттық режимде жаңа жүйе  орнатылды. Бұл бейнебақылау камераларының бейне ағынын өңдеп, талдауға мүмкіндік береді.

«Жыл соңына дейін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 1400 бейнебақылау камерасы орнатылып,  жасанды интеллектісі бар жаңа  жүйе  арқылы қоғамдық орындарды ластау фактісін автоматты түрде анықтау функциясы толық іске қосылады», дейді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары  Сәбит Ибадулла.

 Былтыр елімізде алғаш рет облыс әкімі қолдауымен барлық 7 аудан орталығына 539 бейнебақылау камерасы орнатылып, аудандық полиция бөлімдеріне жаңадан кіші жедел басқару орталықтары қолданысқа берілген. Алда бұл бағыттағы жұмыстар жандана бермек.