Ақ
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Ақтаудағы ұшақ апатының қорытынды есебі жыл соңына дейін жарияланады
Вице-премьер Қанат Бозымбаев ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Қазақстанда ипотекалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін
Елімізде ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл бастама тұрғындардың баспана алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк тиісті қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
14 наурыздан жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады
Биыл мәні терең Наурыз мейрамы ерекше аталып өтеді. 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі, сондай-ақ мерекенің жаңа логотипі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Қазақстанда 737 мыңнан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді – AMANAT
Қазақстанда 235 мың бала ерекше білім беруді қажет етеді. 2021 жылдан бері оларға арналған 1080 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Алайда, қолайлы орта құру мәселесі әлі толық шешімін тапқан жоқ: 2024 жылы мүгедектігі бар адамдар мен әлеуметтік жағдайы осал топтардың құқығына қатысты мыңдаған бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Қазақ әйелдерінің тұрмыс-тіршілігі шетел архивтерінде
Соңғы жылдары ғалымдардың, зерттеушілердің табанды еңбегінің нәтижесінде шетел архивтерінде сақталған қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты көптеген деректер елге жеткізілді. Әйелдер мерекесі қарсаңында Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві «Қазақ дала мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізіп, құжаттардың бір парасымен көрме аясында ғылыми ортаға таныстырды.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2025
Су тасқынына дайындық: Биыл Ақтөбеде қар көп жауған
Ақтөбе облысында су тасқынының алдын алу екі айлығы жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 06 Наурыз, 2025
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Кеңес отырысында макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
«Алматы – ортақ үйіміз» акциясына коммерциялық нысандар да қатысты
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматыда өтіп жатқан экологиялық акцияға сауда нысандарының иелері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Аида Балаева: БАҚ пен билік арасындағы сыйластық басты қағидат болуы тиіс
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook желісіндегі парақшасында Мемлекеттік органдар мен журналистер арасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы өз пікірін білдірді. Министр бұл мәселені Мәжілісте журналист Мадина Жатқанбаеваға қатысты орын алған оқиғамен байланыстыра отырып, ақпарат саласындағы этика мен сыйластық қағидаттарының маңыздылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 06 Наурыз, 2025
Теннисшілер Индиан-Уэллстегі турнирге аттанды
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін халықаралық турнирде Қазақстанның бірнеше теннисшісі өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Наурыз, 2025
Мәнерлеп сырғанаушылар Бостонда бақ сынайды
25-30 наурызда АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
"Қазақмыс" қаза тапқан кеншілердің отбасына 90 млн теңгеге несиесін өтеп берді
"Қазақмыс" корпорациясы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыруда. Компания марқұмдардың екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы барлық негізгі қарыздарын өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
Дәрігер ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалды
Шымкенттен Астанаға ұшып бара жатқан Fly Arystan әуекомпаниясы рейсінде төтенше жағдай болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2025
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бүгін сағат 17: 00 - 17: 30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты БҚО және Ақтөбе, Қызылорда облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ға сілтеме жасап.
Президент • 05 Наурыз, 2025
Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысын баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 05 Наурыз, 2025
«Қазақ газеттері» мен «Отандастар қоры» серіктестік орнатты
«Қазақ газеттері» ЖШС мен «Отандастар қоры» өзара ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне бастау болатын меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Тұрғын үйді сақтандыру тұрғысындағы депутаттық сауал жолданды
Елнұр Бейсенбаев апат болған жағдайда тұрғын үйді сақтандыру туралы депутаттық сауалын Премьер-министрге және ҚР қаржы нарығын реттеу жөніндегі Агенттігінің Төрағасына жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Наурыз, 2025
«ZHULDYZDY ZHOL 2025» тележобасы басталды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жас музыканттарға арналған «ZHULDYZDY ZHOL 2025» телевизиялық реалити-жобасы басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
«Болашақ сәулетшілері» қорының негізін қалаушы Марат Әбиев сотталды
Марат Әбиев қылмыстық топ құрып, экономикалық контрабандамен айналысқаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Депутат жасөспірімдердің желідегі әрекетін бақылаудың жаңа жолын ұсынды
Халықаралық Kaspersky Lab компаниясы былтыр жүргізген сауалнама нәтижесінде еліміздегі балалардың 88 пайызында жеке смартфон бары анықталды. Олардың 28 пайызы барлық бос уақытын гаджетке жұмсайды. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы балалардың телефонға тәуелділігі азайтып, физикалық белсенділігін ширатудың амалдарын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Қазақстандықтар жылына 65 сағатын кітап оқуға арнайды - депутат
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа депутаттық сауал жолдап, елімізде кітап оқуға бөлінетін уақыттың аздығын және оқу дағдарысы орын алып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Наурыз, 2025
Бектенов Президенттің Алматыда БҰҰ Орталығын құру бастамасының маңыздылығын атады
Премьер-министр Олжас Бектенов FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі – бас директордың орынбасары Виорел Гуцумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 05 Наурыз, 2025
Мемлекеттік қолдау отандық тауар өндірушілерге ғана көрсетіледі
Мәжіліс тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл заңға сәйкес, кәсіпорындарды қазақстандық өндіруші ретінде тану үшін арнайы талаптар қойылады, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 05 Наурыз, 2025
Сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа ілінді
«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға сирек кездесетін жабайы жануарлар – Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, қасқыр және Сібір елігі түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
Костенко шахтасындағы апатқа қатысты сот тыңдауы басталды
Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 05 Наурыз, 2025
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 %-ға артады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балабақшаларды іске қосу бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Наурыз, 2025
Қазақстанда киножобаларды іріктеу конкурсы басталды
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Ұлттық ұланға 7 000 сарбаз шақырылады
Ұлттық ұлан қатарына көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 04 Наурыз, 2025
Елімізде инфляция деңгейі ақпанда 9,4 пайызға жетті
Баға тағы да өсті. Ақпандағы инфляция деңгейі 9,4 пайыз болды. Ақылы қызметтер бір жыл ішінде 14,1 процент, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,7 пайыз қымбаттаған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.