Спорт • 23 Сәуір, 2025

Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне сыйақы беріледі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметі Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне сыйақы беріледі

Фото: Ашық дереккөз

Аталған шешім Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданып, қолданыстағы заңнамаға сай әзірленді және тиісті мемлекеттік органдармен келісілді. Қаулыда халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар мен бапкерлерге мемлекеттік сыйақы беру қарастырылған.

Сыйақының төлену тәртібі мен мөлшері бұған дейін бекітілген нормативтер негізінде жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтті. Қазақстан құрамасы жарысты 7 медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтады.