
Фото: elements.evento
Министрдің айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елде 59 млрд текше метр газ өндірілген. Алдағы жылы өсім негізінен Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған сияқты ірі кен орындары есебінен қамтамасыз етіледі.
«2024 жылы тауарлық газ өндіру көлемі 28,7 млрд, текше метрді құрады. 2025 жылға арналған өндіріс жоспары – 29,4 млрд текше метр. 2025 жылдың I тоқсанында 7,3 млрд текше метр өндірілді», деді ол.
Айта кетейік, 2024 жылы сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 1,7 млн тоннаны құраған. 2025 жылға арналған жоспар 1,7 млн тонна және 2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда шамамен 0,5 млн тонна немесе 107,7% өндірілген.