
Фото: syrboyi.kz
Облыс мектептерінен 180 мыңнан астам оқушы қатысқан «Абайды оқы, таңырқа!» атты бірыңғай оқу сағаты – жас буынның дамуына серпін беруді көздеді. Оған бастауыш, орта, жоғары буын оқушылары қатысып, өздерінің жас мөлшеріне сәйкестеу арнайы ұсынылған ұлы ойшылдың шығармаларын оқыды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше таңертен сағат 10:00-де өңірдегі 433 мектептің барлығында поэтикалық оқулар, театрландырылған қойылымдар, әдеби композициялар ұйымдастырылған.