Ең
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Қыркүйек, 2025
Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы EuroSkills Herning 2025 чемпионатында 7 «Үздік медальон» иеленді
Қазақстанның ұлттық құрамасы Данияда өткен IX Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионаты — EuroSkills Herning 2025 жарысында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Тарихта алғаш рет қазақстандық студенттер бірден 7 «Үздік медальон» жеңіп алды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қаржы • 13 Қыркүйек, 2025
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттері доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу-сату бағамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстан тарихының екінші томы баспаға жіберілді
Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Қыркүйек, 2025
Астанада 12,5 шақырым жаңа жол салынады
Биыл елордада жалпы ұзындығы шамамен 12,5 шақырым болатын жаңа жолдар салынып, ұзындығы 58 шақырымды құрайтын 50 көше жөндеуден өтеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 12 Қыркүйек, 2025
«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары 1,2 мыңнан астам жас маманды дайындады
«Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымы бойынша 20 маман жеңімпаз атанды. Олар өздерінің кәсіби жолында 1253 жас маманға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісіп үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қыркүйек, 2025
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады
13 қыркүйекте Жапонияның астанасы - Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Ол жарыс тоғыз күнге созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект 50 мың қазақстандыққа жұмыс табуға көмектесті
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Enbek.kz электронды еңбек биржасында жаңа мүмкіндіктің іске қосылғанын хабарлады. Енді жұмыс іздеушілерге жасанды интеллект көмегімен бос орындарды іріктеу қызметі қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 10 Қыркүйек, 2025
Аман Төлеев есімі Мәскеуде ұлықталды
Мәскеу халықаралық кітап жәрмеңкесінде Кузбасстың көрнекті губернаторы Аман Төлеев туралы деректі-көркем роман - «Тағдыр қиылысында» кітабының тұсаукесері өтті. Жазушы және баспагер Глеб Стафеев бұл айтулы оқиғаны Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Төлеевтер отбасының қатысуымен өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Мәжіліс ең төменгі жалақыға қатысты конвенцияны ратификациялады
Мәжіліс ең төменгі жалақыны айқындау тәсілдеріне қатысты №131 Халықаралық еңбек ұйымы конвенциясын бекітті. Бұл құжатта дамушы елдердің жағдайы ерекше ескерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин: Жолдаудың басты идеясы – цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин биылғы Жолдауға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының басты әрі біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Президент: Цифрлық теңгенің қолдану аясын кеңейту қажет
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында цифрлық теңгенің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Қыркүйек, 2025
Шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр
Астанадағы, Алматыдағы және Шымкенттегі айырбастау пункттері доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2025
Тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздарды беру ісіне өзгеріс енгізіледі
Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан деректерде салқындату кезеңінің негізгі мақсаты - қарызгерге ойластырылған шешімге уақыт беру және сол арқылы қарыз шартын асығыс жасасу ықтималдығын азайтуға басымдық беретіні айтылған. Тұтынушылық кредит беру нарығының салқындату тренді жыл аяғына дейін сақталуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • 04 Қыркүйек, 2025
Ескі 5000 теңгелік банкноттар айналымнан шыға ма
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде ескі үлгідегі 5000 теңгелік купюралардың айналымнан шығарылатыны туралы пікірлер көбейді. Бас банк басшысы Тимур Сүлейменов отандастарымызды алаңдатқан сұраққа жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
Өмір сүру құны ең жоғары қалалар аталды
Сербиялық Numbeo онлайн-платформасы әлем қалаларының тұрмыс шығындарын салыстырып, биылғы ең қымбат шаһарлардың рейтингін жариялады. Бағалау кезінде тұрғындардың күнделікті шығындары – азық-түлік, көлік, коммуналдық қызмет және мейрамханадағы бағалар ескерілді. Негізгі көрсеткіш ретінде Нью-Йорктегі өмір сүру құны 100 баллға тең деп алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу өткізді. Он алты республикалық жастар ұйымының өкілі қатысқан кездесуде өзекті мәселелер мен жаңа жобалардың жай-жапсары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 03 Қыркүйек, 2025
Ақша айырбастау пункттеріне бақылау күшейеді
Ұлттық банк ақша айырбастау пункттеріне жаңа ережелер енгізеді. Құжат 2025 жылдың төртінші тоқсанында күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінде 70-тен аса құжатқа қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен өткен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы қорытындыланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қытай бизнесінің өкілдері елімізден сенімді серіктестер таба алады - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысында сөз сөйлеп, қаржы секторындағы қазақ-қытай іскерлік байланысын нығайтуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2025
Қытай Қазақстанға 27 млрд доллар инвестиция құйды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесінде еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстырып, Қытайдың елімізге 27 миллиард доллар инвестиция құйғанын айтты. Мемлекет басшысы бұл үрдісті оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік зор екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Президент: «Қытай – Қазақстанның тағдыр қосқан тату көршісі»
Президент Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Тамыз, 2025
Ұлттық банк интервенцияның барлық кезде тиімді болмайтынын ашып айтты
Тамыз айының басында Ұлттық банк 125 миллион долларға валюталық интервенция жасады, бұл бағамды төмендетуге мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 30 Тамыз, 2025
Теңгелік салымдар инфляцияға қарамастан кірістілікті қамтамасыз етеді
Сарапшылар арасында инфляция мен тұрақсыз экономикалық ахуал жағдайында қазақстандықтарға ұзақ мерзімге теңгемен салымдарға абайлап қарау керек деген пікір басым. Көптеген банктер толықтыру және алу мүмкіндігі бар өнімдерді ұсынады, бұл депозиттерді қаржыны басқару үшін ыңғайлы құрал етеді. Жоғары ставкаларға қарамастан, елдегі инфляция кірістіліктің бір бөлігін «жей» алады. Сарапшылар қаражатты ұзақ мерзімге орналастырар алдында инфляцияның нақты деңгейін ескеруді ұсынады, деп жазады деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Тамыз, 2025
Aitu-дың нарықты дамытудағы рөлі талқыланды
Алматыда MOST IT HUB алаңында «Атамекен» Өңірлік кеңесі мен креативті индустриялар және IT бойынша Салалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. ІТ-секторды нығайту және цифрлық экономиканы дамыту бойынша диалог пен бірлескен қадамдарды әзірлеу үшін маңызды тұғырнамаға айналған алаңға бизнес, технологиялық компаниялар өкілдері, инвесторлар мен индустриялық әріптестер жиналды, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Әділет министрлігі құқықтық рәсімдерді жеңілдету жұмыстарын жүргізіп жатыр
Әділет министрлігінің басымдықтарының бірі – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ведомство онлайн-қызметтерді қарқынды дамытып, электрондық форматта мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Тамыз, 2025
Илон Маск әлемдік туу көрсеткішін бейнелейтін карта ұсынды
Илон Маск әлем елдеріндегі туу деңгейін көрсететін картаны жариялады. Ол Дүниежүзілік банк пен Statista ұсынған мәліметтерге сүйеніп жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Тамыз, 2025
Бір баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек
Қыркүйек жақындаған сайын ата-аналар баласын жаңа оқу жылына дайындауға кіріседі. Дәптер, қалам, сөмке мен мектеп формасын түгендеудің құны бүгінде әр отбасының қалтасына айтарлықтай салмақ түсіретіні анық. Осыған байланысты Egemen.kz тілшісі бір баланы мектепке дайындауға кететін орташа шығынды зерттеп көрді.
Шаруашылық • 28 Тамыз, 2025
Елімізде суару маусымы аяқталуға таяу
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында егіс алқаптарын суару үшін жоспарланған 10,1 млрд текше метр судың 9,9 млрд текше метрі алынған, қалған 200 млн текше метр су вегетация кезеңінің соңына дейін алынады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 27 Тамыз, 2025
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісі қанша табыс әкелді
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Шотландияның «Селтик» командасын пенальти сериясында жеңіп, алғаш рет UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.