Қоғам • Бүгін, 15:44

«Жеңілдетілген несие алып беремін»: Астанада алаяққа үкім шықты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 16 азаматты жеңілдетілген несие алып беремін деп алдаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шықты, деп жазады Egemen.kz.

«Жеңілдетілген несие алып беремін»: Астанада алаяққа үкім шықты

Фото: aikyn.kz

Қала тұрғындарына ол өзін ұлттық компанияның қызметкері ретінде таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сәйкес, 1 ай ішінде алаяққа азаматтар ақша аударған, шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам.

«Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді», делінген хабарламада.