Әлем • Бүгін, 14:05

Жемқорлық үшін өлім жазасы: Қытайдың екі бірдей экс-министріне қатаң үкім шықты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда екі бұрынғы қорғаныс министрі жемқорлық фактілері бойынша сотталып, оларға шартты түрде өлім жазасы кесілді, деп жазады Egemen.kz.

Жемқорлық үшін өлім жазасы: Қытайдың екі бірдей экс-министріне қатаң үкім шықты

Фото: Depositphotos.com

Сот шешіміне сәйкес, 72 жастағы Вэй Фэнхэ мен 68 жастағы Ли Шанфу пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Екі шенеунікке де өлім жазасы тағайындалып, оның орындалуы 2 жылға шегерілген.

Ли Шанфу 2023 жылы Қытай Қорғаныс министрлігін басқарған, ол бұл қызметте Вэй Фэнхені алмастырған. Алайда оның қызмет мерзімі небәрі 8 айға ғана созылған.

Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты

Сот үкіміне сәйкес, 2 жылдық сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін олардың өлім жазасы шартты түрде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады, әрі мерзімінен бұрын босап шығу құқығы берілмейді.

Қытай билігі бұл істі жемқорлыққа қарсы күрестегі қатаң саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырып отыр.

Қытайда фейерверк зауытында жарылыс болды: 21 адам қаза тапты

Соңғы жаңалықтар