Фото: Ашық дереккөз
Парламент қабырғасында өткен талқылауда сенатор Бекболат Орынбеков жаңа Конституцияның талаптарына тоқталып, атқарушы билік пен жаңадан енгізілетін Вице-президент институтының аражігін нақтылады. Заң жобасына сәйкес, республикалық референдумда қабылданған Ата заң 1 шілдеде күшіне енсе, тамыз айында жаңа Құрылтай сайлауы өтпек. Дәл осы сайлаудан кейін министрлер заң бойынша толық құрамда отставкаға кетуі тиіс.
Талқылау кезінде депутаттар: «Вице-президент те Президент сайланған сайын өкілеттігін тапсыра ма?» деген сауал жолдады.
«Вице-президент институтын енгізу жалпы алғанда тұрақты және жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді. Вице-президент жеке мемлекеттік органды басқармайды, ол Президенттің атынан әрекет етеді. Осы ұстанымды ескере отырып, жаңадан сайланған Президент алдында жаңа өкілеттіктерді тоқтатуды қажет деп санаймыз», деп түсіндірді Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.
Үкіметтің қызметін бақылау және соттардың тәуелсіздігі: Құрылтайға қандай өкілеттілік беріледі?
Асылжан ҚҰРМАНҒАЛИ