Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖИ медициналық құжаттардан деректерді тану және құрылымдау жүйесі ретінде пайдаланылмақ, бұл ұсынылған мәліметтердің толықтығын анықтау, диагноздарды еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесімен (сырқат түрлерінің халықаралық жіктемесіне сәйкес) салыстыру, сондай-ақ қорытынды шешім бойынша ұсынымдар беру сияқты процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ЖИ моделін оқыту, электрондық құжаттарды ұсыну үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау, клиникалық диагнозды растайтын барлық емдеу-диагностикалық, зертханалық және аспаптық зерттеулерді цифрландыру және құрылымдалған түрде беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін куәландырудың жаңа форматын пилоттық режімде апробациялау (жорамалды дәлелдеу үшін тәжірибе жүзінде зерттеулер жүргізу) жоспарға алынған.