Фото: Ашық дереккөз
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 499,66 теңгеден сатып алынып, 506,66 теңгеден сатылады. Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 501,37 теңгеден сатып алынады, 503,97 теңгеден сатылады.
Бүгін Ұлттық банк қазан айынан бері теңгенің долларға шаққандағы айырбастау бағамы 499-500 теңгеге дейін тұрақты нығаюына қатысты ресми түсініктеме берді.
Еске салайық, 3 желтоқсан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге арзандап, 503,89 теңге болды.